«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер телімі төңірегіндегі заңсыздық

2015 жылғы 31 Шілде
- Қызылорда облысы
13097 просмотров

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес 129 кәсіпкерді озбырлықтан құтқарып қалды

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Маханов Айдарбек құқығын қорғауды сұрап жүгінді. 2004 жылғы шілде айында Айдарбек Махановқа Қызылорда облысы әкімінің қаулысымен 49 жылға уақытша қолдануға шаруа қожалығын жүргізу үшін, қала маңындағы «Көкжиде» аймағында орналасқан жалпы ауданы 64 гектар жер телімі беріледі.

Алайда 2015 жылғы қаңтар айында кәсіпкерге бір азамат келіп, аталмыш телімді пайдалану құқығы өзіне берілгені жайлы мәлімдейді де, тез арада жерді босатуды талап етеді. Айдарбек Маханов Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді.

Палата облыс прокуратурасымен бірге қалалық жер қатынастары бөлімінің қызметіне тексеріс жүргізеді. 2011 жылы қала әкімінің қаулысымен Айдарбек Махановтың жер телімі Қызылорда қаласының арнайы жер қорына «мақсаттық емес қолдану үшін» алынғаны анықталады. Ал 2013 жылы аукцион өткізу жолымен басқа иегерге сатылады. Қаулы Қазақстан Республикасы жер кодексінің талаптарын анық бұзумен қабылданған.

Бірақ, кейін анықталғандай, осы қаулының негізінде Айдарбек Махановтың ғана емес, сонымен бірге 128 (!) кәсіпкердің жері алынғаны болып шықты.

Заңгерлер Жер кодексінің нормалары бойынша меншік иелері мен жерді қолданушылардан жер телімін мәжбүрлеп алудың тек қана сот тәртібінде жүзеге асырылатынын анықтайды. Жер телімін мәжбүрлі түрде алу туралы қуыным сот органдарына жерді қолданушыға жер телімін мақсаты бойынша қолдану қажеттігі туралы жазбаша түрде ескертілгеннен кейін ғана жолданады. Мұны қуыным ұсынғанға дейін кем дегенде бір жыл бұрын жасау қажет. Осыдан соң, сол уақыт ішінде жер телімінің иесі осындай телімді мақсатты нысанасы бойынша қолдануға қажет шаларады қолданбаған жағдайда ғана сот алу туралы шешім шығарады.

Алайда Маханов пен басқа 128 кәсіпкердің жер телімі ескертусіз, жер телімінің мақсатты нысанасын өзгертуге құқық ұсынусыз, бастысы – сот шешімінсіз алынған. Тек қана әкімдіктің «сырттай» қаулысы ғана болған. Бір қызығы, жер 2011 жылы алынған болса, кәсіпкерлер жер телімін қолданғаны үшін мемлекетке салық төлеуін тоқтатпаған.

Палата өтінішімен прокуратура әкімдік қаулысының күшін жойды, жер телімдері кәсіпкерлерге қайтарылды, ал олардың заңды құқықтары қалпына келтірілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер