«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Белсенділерге жол берейік!

2015 жылғы 30 Шілде
8936 просмотров

Абылай Мырзахметов Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік Кеңесінің өзін-өзі тарату себебіне түсінік берді

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов журналистер және блогерлермен өткен бейресми кездесуде сөз ала отырып, ҰКП-да бизнестің күллі қоғамдастық алдында тұрған түйткілдерді шешуге тартылуында түйткілдер туындап тұратынын атап өтті.

«Тартылу міндеті – бұл Палата міндеттерінің бірі. Біз үшін ең бастысы бизнестің ҰКП қызметіне араласуы… «Атамекен» құрылғаннан бері аса зор көлемдегі жұмыс жүргізілгенін айта аламын, әсіресе кадрлар жөнінен. Мұндай түйткілдердің бізде не себептен орын алғаны да түсінікті, себебі қысқа мерзімде мұнлай көлемді еңсеру оңай болған жоқ – бәрі де жылдам жасалды. Бірақ биыл әрбір ауданға қолымыз жетіп жатыр», - деп атады Абылай Мырзахметов.

ҰКП басшысы бұрын өңірлік кеңес мүшелерін бес жылға сайлау туралы мәселені кейінге қалдыруға шешім қабылданғанын атады. «Енді сайлаудың қажет екенін көріп отырмыз. Әйтпесе бюрократиялық құрылымға айналып кетеміз», - деп баса көрсетті Абылай Мырзахметов.

Дей тұрғанмен, Палата басшысының айтуынша, бизнестің белсенділігі өсіп келеді. Ол шешім қабылдауда ықпалды түрде қатысуды қалайды. Оған мысал жақында ғана орын алған ҰКП ішкі өміріндегі сенсация – Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік Кеңесінің (ӨКП қызметін үйлестіруші және бақылаушы органның) өзін-өзі тарату туралы шешімі.

«Алматы Кәсіпкерлер палатасы қызметінің тиімділігі мәселесі де ерекше назарда тұрған еді. Мұнда Кеңестің белсенділігі жайлы мәселенің пісіп-жетілгеніне де көп болды. Кеңес мүшелері отырысқа жиналуды сиретіп жіберді. Кеңес отырысына жиі келмей қалатындар да болды… Жалпы, мұндағы Кеңестің жұмысы нәтижелілігімен ерекшеленген жоқ, дей тұрғанмен, кеңес мүшелері – өте сыйлы және еңбек сіңірген жандар болған еді. Оларды тиімдірек жұмыс жасатуға өзімнің де талпынғанымды жасырмаймын. Палата өкілдерімен кездестім де, мәселеден шығар жол ретінде отставкаға кетуді ұсындым. Ал Кеңестің жаңа құрамын сайлау негізінде жасақтау керек. Осылайша басқа өңірлерге үлгі көрсетеді».

Тиімді сайлау технологиясы ретінде «праймеризді» қолдану ұсынылды, яғни интернет-дауыс беру барысында үздік өңірлік бизнес-қоғамдастық өкілдерін сайлау.

Облыстар үшін өңірлік кеңестерге әрбір ауданнан бір-бір өкілден сайланады деп көзделуде. Бірақ міндетті түрде сайлау! Бұл жағдайда Өңірлік кеңес мүшесіне кәсіпкерлік қоғамдастық уәкілеттіктері беріледі және оның сұрауларына қарай күн тәртібін қалыптастыратын болады. Осылайша, өңірлік Палаталар кері байланысқа ие болып, кеңес мүшелерінің белсенділігі олардың бизнес үшін шешім қабылдауда жергілікті атқару органдарының жетегінде кетуіне мүмкіндік бермейді.

Алматы бұл ұсынысты үлкен дайындықпен қабылдайды деп күтілген еді. Бірақ инерция асып түсті. Одан кейінгі оқиғалар да күтпеген жерден болды…

«Кенет, күтпеген жерден Алматы облысындағы Өңірлік кеңес өзін-өзі тарату туралы шешімді өз бетінше қабылдады: Кеңестің 30 мүшесінің 27-сі өзін-өзі таратуға дауыс беруіп, құрамына, жаңа, белсенді адамдарды жинауды ұсынды. Бұл өте жақсы процесс, және де ол дами береді деп ойлаймын…», - деп есептейді Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер