«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Біз болмасақ, басқа кім көмектеседі?

2015 жылғы 30 Шілде
- Алматы қаласы
12004 просмотров

Бір топ алматылық дәмханалар мен мейрамханалар иелері тәулік бойы және өз есептерінен сел жүруінен зардап шеккендер мен үйінділерді тазартумен айналысып жүрген құтқарушыларға ыстық тамақ беруді ұйымдастырды

Алматылық рестораторлар Кәсіпкерлер палатасының табиғи апат зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарға қолдау көрсетуге шақыруына қосылды. 

«Апат айтып келмейді!», - көптеген алматылықтар көмектерін көрсете отырып, оқиғаға осылай жауап беруде. Алғашқы күндері-ақ зардап шеккен ауданда тамақ пен судың ерекше жетіспейтіні анықталды. Бұл туралы екі жас кәсіпкер “Rumi” және “Вечное небо” мейрамханаларының иелері естіп, өз мекемелерінің мүмкіндіктерін пайдалануға шешім қабылдайды. Олар мән-жайды бажайлау үшін, кешкі сағат 9-да апат орнына келіп, 100 адамға тамақ ала келді.

“Неліктен қосылдық дейсіз бе? Фейсбуктен көшірілген зардап шегушілерге ыстық тамақ керек екенін естідік. Мұны мейрамханалардан басқа ешкім артық жасай алмайды деген ойға келдік. Тамақпен кәсіби түрде айналысатын және тамақ істей алатын адамнан басқа кім болушы еді? – деп есептейді “Вечное небо” мейрамханасының басқарушысы Самат Әйтенов. – Кешкілік құтқарушылар үшін тамақ апарып бердік, өз көзімізбен көріп, жағдайдың көлеміне баға беріп, кімге, қанша тамақ керектігін түсінуге келдік ”.

Сел жүріп өткен жерге жету оңай болған жоқ. Айнала толған полиция, ешкімді жібермеді. Ауданды жарты сағаттай аралаған жігіттер ТЖ қызметінің мектепте құрылған Штабын тауып алды (ол кезде еріктілердікі әлі жоқ еді). ТЖ қызметкерлері жеке шатыр құрыпты және онда мейрамханалар жұмыс жасап, үйінділерді аршып жүрген адамдар – солдаттарды, ұлттық гвардия мен қалған көмекшілерді тамақтандыра бастады.

“Келесі күні түскі асқа 200 порция ас және сонша мөлшерде кешкі ас ала келдік. Үшінші күні Штабтан қоңырау шалынып, 700 порция қажет екені айтылды. Тамақтың қосымша көлемі қажет болды да, мейрамханалардың басын біріктіру қажет болып, таныс басқарушыларға, рестораторларға қоңырау шалып, Фейсбукке жаздық және бәсекелес екенімізді ұмытып, арамыздағы қандай да бір түйткілдерді еске алмай, көмектесуді, қайырымды іс үшін бірігуді ұсындық», - деді Самат Әйтенов. – «Мен өзіміздің тағы бір “Wagon Restaurant”-ты қостым, сондай-ақ бізге “Cafe Central”, “Ленконцерт,” Gentlemen’s Quality, Roma Caffe, "Korean House", “Урюк” дәмханасы және «My cafe» қосылды. Жалпы, үшінші күні 10 мейрамхана болдық».

Апатты жағдайға алғаш болып кәсіпкерлер үн қатқанын айта кету керек. Өз әрекетімізді үйлестіріп, тамақтануды нақты ұйымдастыру үшін WhatsApp-та арнайы топ құрылды. Қазір топта алматылық 30 мейрамхана тіркелген. Олар зардап шеккен ауданға күн сайын 2 мың порция ас апарып отырады.

«Неліктен мұндай альянс құруға шешім қабылдадық? Ол жерге алғаш рет барғанымызда тамақты тарелка, қасықсыз, бөтелкемен жеткізгенінен құлағдар болдық. Бөтелкеден сорпаны қалай ішуге болады? Ешқандай нюанстарға жол бермес үшін, тамақ бүлініп, не қажетсіз басқа жаққа кетіп қалмас үшін, көмегіміз салмақты әрі атаулы болуы үшін – басымызды біріктірдік. Тамақты бір реттік ыдыстармен жеткіземіз. Әрі адамдарға ыңғайлы болу үшін, сол жерге аспаптарды, сүлгілерді саламыз», - деп бөлісті ресторатор, - «Бізге кімге тамақ беріп жатқанымыз маңызды емес, бастысы, ол адамдардың ортақ істі тындырып жүргені. Жұмысын жалғастыруға күштері жеткені қажет бізге».

«Тамақты өз бетімізше таратуға тырыспаймыз, себебі жағдайдың мәнісін толық білмейміз және барлық әрекетімізді жұмысқа қанша адам тартылғанынан хабардар ТЖ штабының бастығымен үйлестіреміз. Сонымен қатар, әрекетімізді Қызыл Жарты ай өкілдерімен де үйлестіріп отырмыз. Оларға тамақ береміз, ал олар тұрғындар, еріктілер мен әскерилер арасында өздері бөліп жатыр», - деді Самат.

Оның айтуынша, зардап шеккен ауданда адамдарға басқа да мейрамхана иелері тамақ таратуда, атап айтқанда, нағыз далалық асүйді ашып қойған Константин Авершиннің «Центр Алматы» мейрамханасы.

Жас кәсіпкерлер тамақ жеткізуді сауатты да ширақ ұйымдастыру қолдарынан келгенін, бизнестерінің игі іске салмақты үлес қоса алғанын мақтан тұтуда, және де… қалалықтардың бұл көмекті әдеттегі пиар ретінде қабылдағанына түсіне алмай әлек.

«Көпшілігі осылайша жарнама жасап жатырсыңдар, деп жазады. Басты мақсатымыз – адамдарға көмектесу. Фейсбуктегі парақшамызға ақпаратты бір ғана мақсатпен саламыз – басқалар қосылсын дейміз. Егер санымыз көбейсе, көмек те көптеп көрсетіледі. Біріге алатынымызды, мақсатымыз ақша табу ғана емес, адамдарға қамқор болып, оларға жайлы жағдай жасай алатынымызды көрсету үшін, қазір логотип жасап шықтық, бренділік футболкалар жасағымыз келеді», - дейді кәсіпкер.

Қаланың басына түскен апаттың барлығына да жақсы сабақ боларына және болашақта қателік жібермеуге сеп боларына сенімді. Саматтың айтуынша, рестораторлар апат аймағындағы жұмысшылар мен тұрғындарды қанша қажет болса сонша, барлық жұмыстар аяқталғанша тамақтандыруға дайын.

Құтқарушыларды және зардап шеккендерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуші мейрамханалар мен дәмханалар тізбесі

1. "Rumi" мейрамханасы
2. "Вечное Небо" мейрамханасы
3. "My Cafe" мейрамханасы
4. "Wagon Restaurant" мейрамханасы
5. "Roma Caffe" мейрамханасы
6. "Cafe Central" кофеханасы
7. "Ленконцерт" бары
8. "Gentlemen's Quality Bar Asia" мейрамханасы
9. "Урюк" дәмханасы
10. "PM Food" компаниясы
11. "Korean House" мейрамханалар желісі
12. "Parmigiano Group" мейрамханалар желісі
13. "L'Opera" мейрамханасы
14. "WL 13"
15. Coffeoke
16. Beefore
17. "Дәстүр" мейрамханасы
18. "8 озер"
19. "Cosmo Sansac"
20. "Marrone Rosso"
21. "Sadu"
22. Balcon
23. "Дом приемов"
24. "Line Brew" мейрамханасы
25. Martini Racing Cafe
26. Picnic Summer Bar
27. "Вечерняя Алма-Ата" мейрамханасы
28. "Рестораны и развлечения" журналы
29. "China Gold" мейрамханасы
30. "El Plato" мейрамханасы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер