«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерге арналған жаңа көкжиектер

2015 жылғы 30 Шілде
- Ақмола облысы
9821 просмотров

Кәсіпкерлерге арналған гранттық қаржыландыру – мемлекеттік қолдау құралы Ақмола облысы Жарқайың ауданы тұрғындарының арасында өзінше бір дүрлігу тудырды

Кәсіпкерлер мен өз ісін ашқысы келетін жеке тұлғалар аудандық Кәсіпкерлікті қолдау орталығына жүгіне отырып, бірегей бағытпен танысты. «Гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша қайтымсыз әрі тегін негізде ақшалай қаражат бөлінуі мүмкін екендігі туралы хабар олардың бойында белгілі бір сенімсіздік тудырса да, көпшілігі жағдайды пайдаланып қалуға шешім қабылдады. Ол үшін Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы бастамалаған «Бизнес-кеңесші» екі күндік тегін курсынан өтті.

Бірнеше жарқайыңдық бірден бизнестің жаңа саласында бақтарын сынап көруге шешім қабылдады. Роза Бөкешева көп ойланған соң, өзін мектепке дейінгі тәрбиеде сынап көруге бел буды. Ол КҚО-ға жүгініп, Державинск қаласында «Монтессори» балабақшасын ашу жөніндегі егжей-тегжейлі ақпарат алды.

Ісін бастаушы кәсіпкер Мәлік Асанбаевқа КҚО консультанттары «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» анықтамалығын ұсынды. Анықтамалық болашақ кәсіпкер үшін қажет ақпараттың көзі болып шықты. Ақырында Мәлік ойындық пейнтбол кешенін құруға тоқтам жасады.

Гүлсара Сомтемірова өзі үшін табысты бизнес деп шешкен – жартылай фабрикаттар өндірісін игеруге шешім қабылдады. КҚО-да оған толықтай қолдау көрсетіліп, қажет ақпарат пен анықтамалық әдебиет табысталды.

Үш кәсіпкер байқауға қатысуға өтінім жолдады. Енді қалғаны – байқаудың соңын күту және нәтижелерді білу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер