Тіркеме оқиғасы
Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы көлік компаниясының түйткілін шешіп берді
2015 жылдың басында Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасына «Рокос Логистикс» ЖШС кейін Кеден Одағы елдерінің аумағында еркін айналымға шығару үшін көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті алуда жәрдем сұрап жүгінді.
«Рокос Логистик» ЖШС директоры Серік Ищанов Палата сарапшыларына 2015 жылғы қаңтар айында компанияның Қазақстан аумағына 2014 жылы шығарылған 23 автокөлік құралын алып келгенін хабарлады.
«Ақтөбе облысы Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеке жүк автомобильдері автопаркін толықтыру үшін Бельгиядан Volvo FH таңбалы 10 автомобиль және Германиядан 13 Krone жартылай тіркемесін алып келдік. Сертификаттаушы компанияларға жүгінгенімізде «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 Кеден Реттемесінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әкелетін автокөлік құралдарын сертификаттау процедурасын жүргізу тәртібінің жоқтығына байланысты құжаттарымызды қабылдаудан бас тартылды», - дейді компания өкілі palata.kz-ке.
Көлікті кедендік тазартудың іркілуі салдарынан компания шығын шегуде және қалыптасқан жағдайды шешіп беруді сұрап жүгінді.
Өңірлік Палата сарапшылары компания өтінішін «ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаментіне жолдады.
«2015 жылғы 28 мамырда ЕЭК Кеңесі отырысында қабылданған шешімге сәйкес, Ресей мен Белорусьте берілген көлік құралдары типіне тартқыш машина мен олардың тіркемелеріне қатысты мақұлдаулар ҚР аумағында 2016 жылғы 1 шілдеге дейін жарамды. Яғни осы уақытқа дейін, аталмыш көлік құралдары үшін РФ немесе БР берген көлік құралының типін мақұлдау болған жағдайда, заңды тұлғалардың ЕАЭО шегінінен тысқары жерлерден N3, O3 және O4 санатты жаңа көлік құралдарын алып келуіне жол беріледі», - деп хабарлады Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мирлан Бейсенғалиев өтініш нәтижесі жайлы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: