«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

10 миллион теңге бизнеске артық болмайды

2015 жылғы 29 Шілде
- Шымкент қаласы
15331 просмотров

Сарыағаш қаласының кәсіпкері «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында жылыжайын кеңейту үшін 10 млн. теңге алды

Осы жылдың сәуір айында жылыжай иесі Қажымұқан Тұяқов Сарыағаш қаласы Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлеріне жеке бизнесін кеңейту жөнінде консультация сұрап жүгінген еді. Мамандар кәсіпкерге толықтай консультация беріп, жобасын сүйемелдейді. Осыдан кейін мамыр айында ол «Сарығаш несие» Кредиттік серіктестігінен 10 млн теңге мөлшерінде кредит алады. Нәтижесінде жылыжай жарты гектарға кеңейтіледі.

2010 жылы Қажымұқан Тұяқов 50 сотық жерде жылыжай ашады. Қуаттылығы жылына 1 тонна көкөністі құрайды. 8 адам жұмысқа алынады. «Кредитті алып отырған «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасының арқасында жылыжайды кеңейтіп, тағы да үш адамды жұмысқа алып отырмыз» дейді кәсіпкер.

«Агробизнес-2020» бағдарламасының аясындағы агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығын дамытудағы басты фактор және оның маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ал АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру маңызды бағыты болып табылады. Сөйтіп, аталмыш бағдарлама бойынша биыл Палата арқылы шамамен 30 жоба қаржыландырылды», - деп атады қаржылық жобалар жөніндегі менеджер Әзімбай Жандос. Кәсіпкердің «Іскерлік байланыстар» жобасының аясында оқудан өткенін атап өту керек. Ол шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстарды орнату үшін Германияда тақырыптық бизнес-машықтануды көздейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер