«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бәрімізге де дағды мен икем жетіспей жатыр»

2015 жылғы 29 Шілде
- Алматы қаласы
10250 просмотров

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы үйлер мен көшелерді басып өткен сел кәсіпкерлер мен қарапайым алматылықтарды бей-жай қалдырмады. Олар зардап шеккендерге көмек және қолдау көрсету үшін өз беттерінше бірігуде. Осындай еріктілер қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі – Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Қисықов.

“Достар, тамақтандыру орталығы 192 мектептен жоғары жатқан “Саудабай” мейрамханасында, “Дәстүр” жеке тұлғалардың әкелген дүниелерін қабылдай алмайды. Сондықтан да бәрін де “Саудабайға” апарған дұрыс. Еріктілер де сонда. Ас тарату үшін еріктілер жетіспей жатыр. “Жас отан”, “Евразийский банк”-тен келген еріктілер болды, күллі Эльдани қоры әзірлеуде. Фейсбуктен Думан Қапасов пен Гүлзира Амантұрлина, әкімдіктен Ғазиз үйлестірумен айналысып жатыр. Кеше айтқанымдай, бір орталықтан, үйлестірумен болған жөн. Сондай-ақ аспаздар, қазандар мен ет жетпей жатыр. Қиын жерде жатқан тұрғындар бар”, - деп Бекнұрс Қисықов «Фейсбук» әлеуметтік желісінде ақпаратпен бөлісуде.

Бекнұр түсіндіріп кеткендей, ол ерікті ақпарат беруші және еріктілерді үйлестіруші ролін алыпты, себебі көмекте жүрген барлық құрылымдармен, соның ішінде рестораторлармен, аудан әкімдігімен байланыста отыр.

“Бұл оқиға көптеген түйткілдердің бетін ашты, атап айтсақ, еріктілер көмегі туралы техникалық құжаттар мен нормаларды жазу қажет, себебі бейберекеттік пен түсінбестіктер өте көп. Болашақта мұны пысықтау керек, себебі жағдайдың қайталанбасына ешкім де кепіл емес, - дейді Бекнұр. – селге мүлде дайын болмай шықтық. Төртінші күн болды, бір орында әлі тұрмыз. Сонымен бірге алматылық еріктілердің рухы қатты қуантады. Адамдар лайды жиыстыруда, ас әзірлейді, су мен тамақ әкелуде. Бірақ бұл көмектің біршама тиімдірек болғаны да жақсы болар еді”.

Сонымен бірге ТЖҚ аумақты лай мен тастан тазартуға тартқан солдаттар мен ұлттық гвардияның үйлескен жұмысын да атап өтті.“Олар кәсіби түрде жұмыс жасауда, оларда қажет техника бар, тіпті түнде де бар жандарын сап еңбектенуде. Бірақ ұйымдастыруда көптеген кемшін тұстар байқалады. Жалпы еліміз бен қала билігі мұндай катаклизмге дайын емес сияқты”, - деп есептейді Бекнұр Қисықов.

Оның ойынша, жағдайды үйлестіру мен мониторинг ерекше жетіспейді. “Әкімдіктің ұйымдастыру жөнінен жеделірек қимылдағаны қажет. Көп дүние шашыраңқы жүруде. Дұрыс үйлестіру жоқтығынан уақыт босқа кетуде”, - деді еріктілер қозғалысын ұйымдастырушы. Оқиға орнында болып қайтқандардың айтуынша, қазіргі сәттегі ең басты түйткіл – тамақ пен судың жетіспеушілігі. Азық-түлік пен су барлық мұқтаж жандарға жете бермейтін болып шықты.

“Иә, адамдар келеді, тамақ сұрайды да, олар тамақтандырылады. Бірақ оқшауланып қалған үйде қалып қойған адамдар бар емес пе, олар өзге дүниеден алшақ қалып, оларға көмек жетпей жатыр. Менің ойымша, зардап шеккен үйлер картасын жасау керек. Соған сүйенуге болар еді. Ондай ақпарат та жоқ. Қанша үйдің нақты оқшау қалғанын білмейміз. Оларға әлі ешкім жеткен жоқ. Еріктілер мен рестораторлар кімнің кім екенін ажыратып жатпастан, барлығына тамақ таратуда. Осы ақпараттың жоқтығынан, біреулерге көметесіп, келесілерге көмек жетпей қалды деген сөз де тарап жатыр”, - деді Бекнұр Қисықов.

Ол ТЖ орнында болып, тұрғындармен және еріктілермен сұхбаттасып келгеннен кейін аудандық әкімдік тарапынан да ұйымдастырудың әлсіз болып тұрғанын атап өтті. “Наурызбай ауданы әкімдігінің жақында ғана құрылғанын және мұндай жағдайды алғаш рет бастан кешіріп тұрғанына түсіністікпен қарау керек. Оны сауда саласында жұмыс жасаған адам басқарып отыр... Қарапайым ғана білім жетіспейді. Менің ойымша, осы әрекеттің барлығын ТЖҚ басқаруға тиіс. Біз жай ғана қалалықтармыз және мұндай жағдайда қалай қимылдау керектігін білмейміз. Ақиқаты осы. Дағды мен икем бәрімізге де жетіспей тұр, - деп түйіндеді Бекнұр Қисықов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер