«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордалық Кәсіпкерлер палатасын Ғани Тасмағанбетов басқарады

2015 жылғы 28 Шілде
- Астана қаласы
12709 просмотров

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі мен «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасының шешімімен елордалық Кәсіпкерлер палатасына бұрын директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған Ғани Тасмағанбетов басшылық ететін болды.

Ғани Тасмағанбетов 1981 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2005 жылы жапондық Нагано қаласындағы Шиншу Университетін табыспен аяқтаған. Одан кейін Токио қаласындағы Хитотсубаши Университетінде оқуын жалғастырған. Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бастаған. Аталмыш министрлікте Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық ынтымақтастық және халықаралық ұйымдар әрекеттестігі басқармасын басқарған.

2008 -2012 жылдары түрлі лауазымдарда болған – ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде консультант болған, ҚР Президенті Әкімшілігінде еңбек етіп, онда сарапшы-консультанттан бастап Стратегиялық зерттемелер мен талдау орталығында сектор меңгерушісіне дейінгі еңбек жолынан өткен.

2012 жылы Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Осыдан кейін облыстық әкімдікте «Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басқарады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер