«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үй салу қолдан келеді!

2015 жылғы 28 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
15089 просмотров

Петропавлда үздік құрылысшы таңдалды

Былтырғы жылы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жанынан ашылған Оқу-технологиялық орталығының базасында алғаш рет Құрылысшылар күніне арналған кәсіптік шеберік байқауының өңірлік кезеңі өтті. Байқауды құрылыс басқармасы мен Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

«Байқауға «Основание» ЖШС, «Стройкомпания» ЖШС, «Петрострой-Люкс» ЖШС, «Альфа-Север» ЖШС сияқты қаладағы құрылыс ұйымдары қатысты. Қатысушылардың сайысы екі номинацияда өтті: «Үздік сылақшы» және «Үздік тас қалаушы». Практикалық тапсырмаларды колледж оқытушылары дайындады. Оларды орындауға бір сағат берілді», - дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы сарапшысы Ирина Торопова.

Байқауға әділ баға берудің оңай еместігін атап өту керек: әрбір қатысушы өз ісін жақсы меңгерген, дегенмен де жеңімпаздар анықталды. Екі номинацияда да «Основание» ЖШС жұмыскерлері үздік деп танылды: Думан Жүсіпов - «Үздік сылақшы», ал Сергей Мануйлов - «Үздік тас қалаушы».

Оқу-технологиялық орталығы ӨКП және Құрылысшылар қауымдастығының жәрдемімен теориялық және практикалық оқыту процестерін біріктіру, кәсіби даярлық деңгейін бағалау (сертификаттау) үшін Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің базасында құрылғанын еске саламыз.

«Біздің қатысуымызбен құрылған Орталық Холдинг «Кәсіпқор» Холдингі КАҚ және Беларусь Республикасы КжТББ Біліктілікті көтеру институтымен ынтымақтастықта. Қазірде Оқу-технологиялық орталығы дуалды оқыту жүйесі бойынша өндірістік практика базасы болып табылады. Онда қаладағы құрылыс ұйымдары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жүзеге асырылады, ал колледждің инженерлік-педагогикалық жұмыскерлері ОТО-ға кірген кәсіпорындарда машықтанудан өтеді», - деп жалғады сөзін Ирина Торопова. Палата кәсіптік мамандардың даярлық деңгейін көтеру үшін кәсіпорын, КжТББ оқу орны және мемлекеттік органдардың дуалды оқыту формасын енгізу жөніндегі әрекеттестігінде үйлестірушілік роль атқарады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер