«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Банктер жауап бере алмай отыр

2015 жылғы 28 Шілде
- Ақмола облысы
9102 просмотров

Бизнесмендердің теңге өтімділігі жайлы сауалдарына банкирлер жауап бере алмай отыр

Ақмола облысы Есіл ауданында кәсіпкерлер банктерден кредит алуда қиындыққа ұшырауда (жақында ғана Қорғалжын ауданындағы осыған ұқсас түйткіл жайлы сөз еткенімізді еске саламыз). Есіл қаласында өткен кәсіпкерлер форумының тікелей қатысушылары – бизнесмендер осындай мәлімдеме жасады. Форумға кәсіпкерлер ғана емес, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдері де жиналды. Кездесуді ұйымдастырушылар қатарында өңірлік Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы да бар.

«Мен мал шаруашылығымен айналысамын. Кез-келген кәсіпкер сияқты мен де болашақ дамуды жоспарлап жүрмін. Көкшетау қаласының банктеріне кредит алу үшін талай рет жүгіндік, алайда еш нәтиже жоқ. Банк талаптары кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шарттарына сәйкес келмейді», - деп бизнесвумен Наталья Ан банк өкілдеріне Есіл ауданындағы кәсіпкерлік қоғамдастығының атынан жүгінді.

Шаруашылық етуші субъектілерге ұшырасатын түйткілдер бұрынғыдай: кепілдіктік мүлікті қамтамасыз ету, кредиттеудің жоғары мөлшерлемелері, әлеуетті қарызгерлердің өтінімдерін қарау мерзімдері. Бизнесмендер кредиттеуге қажет барлық құжаттарды жинап шығып, қаржы институтының жауабын айлап күткен кездер де кездеседі.

Кәсіпкерлерге басқа да қолдау құралдарына жүгіну ұсынылды. Мысалы, «ДАМУ» қаржы агенттігі ретінде пайыздық мөлшерлемеден 10% субсидиялайды, ал қалған төртеуін бизнес субъектісінің өзі төлейді. Ісін бастаушы кәсіпкерлер үшін Қор кепілдігі ұсынылады – кредит сомасынан 85%-ға дейін, ал кәсіпкер кепілдік ретінде тек 15% орнын толтырады.

Пікірталас ұзаққа созылды. Серіктестік қарым-қатынастарды жетілдіру мәселелері талқыланды. Балама ұсыныстар айтылды. Өкінішке орай, көптеген мәселелер жауапсыз қалды... 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер