«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мораторий – елдегі бизнесті дамытуға арналған қадам

2014 жылғы 28 Ақпан
8206 просмотров

Мемлекет басшысының елде кәсіпкерлік қызметтің дамуы үшін қажетті жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы Жарлығы - елдегі бизнесті жақсару мен мемлекет пен бизнес байланысының беки түсуіне бағытталған қадам. 

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Заңғар Ноғайбай мәлімдеді.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары тұжырымдамалық заң жобалары әзірленетінін айтты.     

Мемлекеттік органдар Әділет министрлігімен бірлесе отырып, Кәсіпкерлік Кодексін әзірлеуде. Жаңа заң жобасына «Қалыпты әсер анализі» принципі енгізілмек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер