«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын және орта бизнесті жоспарлы тексеруге жарияланған мораторий – кәсіпкерлер үшін жасалған зор мүмкіндік

2014 жылғы 28 Ақпан
9001 просмотров

Шағын және орта кәсіп иелерін жоспарлы тексеруді шектеу бизнеске зор мүмкіндік ашады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов осылай мәлімдеді.

«Біз кәсіпкерлерді осы шектеу шарасын өз бизнесінің пайдасына қолдануға шақырып отырмыз. Бұл бағытта қалалық палата мемлекеттік тексеру органдарымен бірлесе отырып бірқатар жүйелі  жұмыстарды жоспарлап отырмыз»,- Мейірбек Мәжитов.

Осылайша, тексеруге шектеу шараларының арқасында шағын және орта кәсіпкерлік иелері мемлекеттік тексеру органдарының тарапынан жүргізілетін тексеру туралы толық мағлұмат ала алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер