Аударма қиындықтары
Отандық тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірушілер қытайлық инвесторлармен бәтуаға келе алмай жүр
2015 жылғы 16 шілдеде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Мұнай-газ өнеркәсібі комитеті Төрағасының модераторлығымен отандық мұнай сервистік компаниялар түйткілдерін талқылау жөнідегі жиналыс өтті. Жиналысқа Қазақстанның Сервистік компаниялар одағы, «KAZENERGY» қауымдастығы, «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақстандағы интернационал» ҚҰМК» ЖШС және «ПетроҚазақстан Инл.» АФ өкілдері қатысты.
«Қазақстанның Сервистік компаниялар одағына» мүше компанияларының өкілдері наразылықтарын білдірді. Шетелдік инвесторларға тауарлар, жұмыстар және қызметтер ұсынатын отандық кәсіпорындар қытайлық компаниялармен әрекеттестікте қиындыққа ұшырап жүрген болып шықты. Атап айтқанда, олардың түйткілдері компаниялар сатып алуларындағы ақпараттық ашықтықтың болмауына байланысты: олар ережеге сай жергілікті БАҚ-та ірі сатып алулар көлемдері жайлы хабарландыруларды жарияламайды.
Тағы да бірқатар түйткілдер баршылық. Жергілікті компаниялардың жоспарланған тендерлерге қатысуына мүлдем кепілдік бермейтін аккредиттеуден өту ішкі процедурасының қиындығы. Байқау құжаттамасы қытай тілінде немесе шатысқан форматта ұсынылады да, бұл жергілікті компаниялардың тендерлерге даярлану процесін шектейді.
Отандық компаниялар мүддесі дөрекі түрде еленбейді. Инвестор компаниялар демпингке байланысты (бағаны қолдан төмендету) өздерін жосықсыз түрде ұстайды да, бұл да отандық компанияларды тендерге қатысушылар қатарынан автоматты түрде алып тастайды. Жергілікті компаниялардың көп бөлігі шетелдік жеткізушілермен бәсекеге шыдас бермейді, осыдан келіп, олар басқа өңірлерге баруға немесе штатты қысқарта отырып шығынды оңтайландыруға мәжбүр болады. Жиналысқа қатысушылардың ойынша, бұл жағдай өткір әлеуметтік шиеленіске алып келуі мүмкін.
«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өкілі берген ақпаратқа сәйкес, жыл қорытындысы бойынша тауарлардағы қазақстандық мазмұн былтырғы жылдардағы 5-7% көрсеткішке қарсы 30% құраған.
«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өкілдері өз аттарына жасалған наразылықты жоққа шығаруда: көбінесе қазақстандық компаниялар арасындағы әлеуетті жеткізушілер тендерден жеңіліп қалып, бірден заңсыз деп мәлімдеп жатады. Бірақ, бір қызығы: сәл бұрын осындай байқауларда жеңіп шыққанда, олар байқау құжаттамасында заңнамаға қайшылықты байқамаушы еді.
Қытайлық корпорация өкілі сатып алу процедураларын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Оның ойынша, жер қойнауын пайдаланушыларды «Самұрық-Қазынада» қабылданған шараларға ұқсас жосықсыз жеткізушілерден қорғау жүйесін енгізу қажет. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» холдингінде қабылданған қазақстандық мазмұнды есептеу тәртібін жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуларына қолдану ұсынылды. Компания өкілінің ойынша, аталмыш жүйе адал ниетті қазақстандық өндірушілерді тарту жағынан біршама жетілген.
ҰКП Төралқасы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы Данияр Әбілғазин көтерілген түйткілдердің салмақтылығын атап өтті. «Жағдайдың күрделілігіне тиісінше баға беру керек, өйткені «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» өңір үшін өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды айқындайтын базалық кәсіпорындардың бірі болып табылады», - деп мәлімдеді комитет төрағасы.
Данияр Әбілғазин пікірталасты қорытындылай келе мәлімделген түйткілдерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын жариялады. Ол ҰКП алаңында Палата, CNPC және Сервистік компаниялар одағы өкілдерін кіргізумен бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынды. Комитет төрағасының ойынша, Ақтөбеде мүдделі жергілікті органдар қатысуымен көшпелі жиналыс өткізу қажет. Сондай-ақ, CNPC және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында меморандумға қол қоюға ұсынылды. Онда сатып алулар өткізу кезінде ҰКП бақылаушыларының тендерлерге қатысуын қарастыру қажет.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: