«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұнай бағасы салдарынан рубльдің ауытқуы күшейді

2015 жылғы 15 Шілде
12276 просмотров

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте теңгенің рубльге шаққандағы бағамы мұнай бағасына қарай өзгеретінін хабарлады

«Рубль немесе басқа валюталармен ара-қатынаста не болатынына келер болсақ, бұл көбінесе мұнай бағасының ауытқуына байланысты болады», - деп атады ол.

«Жалпы талдаушылардың пікірі «брент» қоспалы мұнай бағасы таяудағы жарты жыл-бір жылда бір баррель үшін 50-70 доллар дәлізінде ауытқиды дегенге саяды, ол төмендеп кетеді және көтерілуі мүмкін деген де түрлі пікірлер баршылық. Бірақ менің ойымша, жақын арадағы 50-70 доллар дәлізі - оңтайлы. Егер таяу жарты жыл жайлы айтар болсақ – онда бұл 50-60 доллар дәлізіне саяды, және де оның жартысында 55-60 болып қалуы мүмкін», - деді Қайрат Келімбетов.

Мұнайға деген әлемдік бағаның кенет өзгерулері көптеген факторлардан болып отыр. «Қытайдың қор нарығындағы түйткілдер, Еуроаймақтағы Грекия жағдайымен байланысты тұрақсыздық, сұраныстан ұсынысың асып кетуі, бұл сонымен бірге ирандық мұнайдың жуық 6-12 айда нарыққа қысым жасауына да байланысты», - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.

«Сондықтан да мұнай бір баррель үшін 55-60 доллар дәлізінде ауытқитын болса, онда ресейлік рубль де осы ауқымда өзгеретін болады», деп есептейді Қайрат Келімбетов. Ұлттық банк басшысы Ресей мен Қазақстандағы экономикалық жағдай арасын салыстырмауға шақырды.

«Ресейлік рубль мен қазақстандық теңге жағдайын салыстырғанда, 2013 жылғы немесе 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жағдайдан түбегейлі ерекшелентінін түсіну керек», - деді Қайрат Келімбетов.

«Бірінші тоқсанда Ресейдегі инфляция 17%-ға жетті. Ол біртіндеп баяулады, бірақ әлі күнге дейін жоғары болып табылады. Сарапшылардың ең оптимистік болжамдарына сүйенсек, ол жыл соңына дейін 12%-дан төмендемейді», - деп санайды ол.

Қайрат Келімбетовтың дерегіне сәйкес, «Қазақстандағы инфляция айтарлықтай төмен».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер