«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің құқын қорғау бизнес омбудсмендеріне жүктеледі

2014 жылғы 01 Наурыз
3556 просмотров

Жаңадан құрылатын бизнес омбудсмендері институты жайында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева өз пікірін білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Құрбанбаева ханымның мәлімдеуінше, мұндай бизнес омбудсмендері интитутын құру бұған дейін де сөз болған. 

"Қазірде кәсіпкерлердің құқы жиі бұзылатындықтан олардың құқын қорғайтын мұндай мамандық иелері бізге керек. Бұл мамандық иелерін кәсіпкерлер өздері сайлауы тиіс. Сайланатын мамандар біліктілігінің жоғарылығы қадағалануы керек. Біз бұл жөнінде өз ұсыныстарымызды арнайы Президент әкімшілігіне білдірдік" - деді ол. 

Жалпы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, бизнес омбудсмені қызметін атқаратын мамандардың жас мөлшері 30 жастан төмен болмауы керек. Олардың заңдық біліктілігі жоғары болғаны абзал. Омбудсменнің көмегімен мемлекеттік орган мен азаматтық қоғам арасында конструктивті диалог орнату маңызды болмақ. "Кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында олардың құқықтарын жан-жақты қорғау үшін бұл қызмет түрін жетілдіру керек" - дейді Гүлнар Құрбанбаева. 

Еске салайық, отандық бизнестің адымын аштырмай тұрған қайсыбір кедергілерге қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнестің қайсыбір түрлерін тексеруге 2014 жылдың 2 сәуірінен, 2015 жылдың қаңтар айына дейін мароторий жариялаған болатын. Сондай-ақ Елбасы елде жаңадан бизнес омбудсмендері интитуты құрылатынын да бұған дейін құлаққағыс жасаған. "Бұл институттың басты мақсаты – кәсіпкерлердің құқын қорғау" деген болатын Мемлекет басшысы. 

Дерекнамасы: Tengrinews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер