«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туристік бизнеске арналған кедергі

2015 жылғы 10 Шілде
9070 просмотров

Қазақстанда туроператорлар мен турагенттерге қойылатын талаптар күшейтіледі

Сыртқа шығу туризмі бойынша заң жобасының тұжырымдамасы даярланып та қойды және мүдделі мемлекеттік органдарға мақұлдауға жолданды. Бұл туралы республиканың Инвестициялар дәне даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев хабарлады. «Азаматтар үшін тәуекелдерді барынша азайтатын шаралар пакетін қабылдағымыз келеді. Екінші кезекте, бұл туристік бизнес өкілдеріне де әсерін тигізеді», - деді ол. Осы мақсатта заң жобасында қаржылай кепілдік механизмі көзделеді. «Сыртқа шығу туризмі нарығына кіргісі келетін компания эксцесс не коллапстар орын алған жағдайда компанияның банктегі депозитінде немесе сақтық қорда жатқан қаражат есебінен сонда қалып қоятын туристер түйткілдерін шешуге мүмкіндік беретін қомақты қаржылай кепілдік ұсынуға міндетті болады», - деп түсіндірді Департамент директоры. 

Тимур Дүйсенғалиев мұндай заңды қабылдау дәрменсіз туроператорлар үшін ғана емес, туризм саласындағы көлемді бастапқы капиталы жоқ ісін бастаушы компаниялар үшін де тосқауыл қоятынына келісті. «Иә, шартты іріктелу бірден бастау алады», - деді ол.

Департамент басшысының дерегіне сүйенсек, тұжырымдама мақұлданған соң заң жобасының өзі дайындала бастайды. «Айтарлықтай ұзаққа созылатын процедура, бірақ біз осы жылдың қыркүйегіне қарай Мәжіліс қарауына енгізсек, қаңтар айынан бастап (2016 жылғы) заңды күшіне енуге тиіс деп есептеп отырмыз», - деді Тимур Дүйсенғалиев.

Қазақстандықтардың жосықсыз туроператорлар мен турагенттер әрекетіне шағымдар динамикасы жайлы сауалдарға жауап бере отырып, Департамент басшысы «шағымдардың әдетте маусым басталғанда қаптайтынын» атады. «Тревелсистем күйреп еді, шағымдар да қаптап келе бастады. Бірақ бәріне де көмектесу үшін жазбаша түрдегі өтініш алуға тиіс екенімізді хабарлаған едік. Бірде-бір азаматтан, бірде-бір компаниядан келмеді», - деп баса айтты Тимур Дүйсенғалиев.

Ол турфирмалардың алданып қалған клиенттерінің «телефонмен шағымдануды, баспасөзге беруді» жөн көретінін атап өтті. «Ал уәкілетті органға жүгініңіздер, нақты түрде бізге жазыңыз – сонда өтінішіңізді прокуратураға жібереміз, ІІД және басқаларын тартамыз, өтінішсіз қалай жұмыс жасаймыз дейміз. Бұл тұрғыдан құқықтық мәдениеттің тиісті деңгейіне жетпегенін, мәселені жай, телефонмен шешуді бәрі де жақсы көретінін көріп отырмыз»,  - дейді Тимур Дүйсенғалиев.

Оның деректеріне сәйкес, Қазақстанда бүгінде шамамен 2 мыңға жуық туристік опретор мен туристік агент әрекет етеді.

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер