«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Төрешілер бизнес мүддесіне әрекет етеді

2015 жылғы 10 Шілде
8715 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Арбитраждық және аралық сотта талқылау орталығы 3 миллионнан астам табыс тапты

ҚР ҰКП Арбитраждық және аралық сотта талқылау орталығы Басқарма кеңесінің отырысында осындай ақпарат айтылды. Арбитраж орталығының Ұлттық палата жанынан 2014 жылғы шілде айында құрылғанын, ал өз қызметін желтоқсан айында бастағанын еске саламыз. ААСТО жауапты хатшысы Айша Жұмабекованың ақпаратына сүйенсек, осы кезеңнен 2015 жылғы 1 шілдеге дейін барлығы 5 талап арыз келіп түскен. ҚР резидент-компаниялары арасындағы түрлі сомаларға қарыздарды өндіру туралы 3 іс қаралды.

Арбитраж орталығы Басқарма кеңесінің мүшесі Анатолий Линник ҚР ҰКП ААСТО Реттемесіне өзгертулер енгізу туралы ақпарат берді.  

Орталықтың бас хатшысы Жұмабай Шәмшиев «Атамекен» ҚР ҰКП Арбитраждық және аралық сотта талқылау орталығы жұмысының қорытындылары мен даму келешегін сөз етті. 

«Арбитраждық қызметке қорытынды жасалды, басқарма кеңесінің әрбір мүшесінің қызметі бөлінді, нақты тапсырмалар берілді. Осылайша, түрлі ая, салалар мен өңірлерде басқарма кеңесінің мүшелері жетекшілік жасайтын субъектілер жұмыс жасай бастайды – әркім өз желісі бойынша. Олар сонымен бірге үгіт-насихатқа және шаруашылық етуші субъектілерді тартуға, төрешілер біліктілігін көтеруге, татуластыру процедуралары әдістерін кеңейтуге, медиация, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа өз үлесін қосатын болады», - деді арбитраж орталығының басшысы.

Бірқатар ұсыныстар енгізілді. Орталықты қаржыландыру нығая бермекші және Арбитраж орталығы елімізде бизнесті белсендіру және жағымды инвестициялық климат құру мақсатында өз қызметін жүзеге асыра алуы үшін, қосымша ресурстар бөлінуі де мүмкін. Сонымен қатар төрешілердің қосымша тізімі бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер