«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан фармациясы: бәрінен бұрын сапа қажет!

2015 жылғы 10 Шілде
13310 просмотров

«Атамекен» фармацевтика саласындағы сапа мәселелерін реттеудің ішкі механизмдерін құру туралы мәселені көлденең тартуда

Отандық өндірушілер өндіретін және Бірыңғай дистрибуция жүйесі бойынша жеткізілетін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы өнімдер сапасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жұмыс жиналысының тақырыбы болды.

Жиналыс жұмысына ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, Дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы өнімдер және медициналық техниканы ұлттық сараптау орталығы, «СК-Фармация» ЖШС, Ғылыми-тәжірибелік трансфузиология орталығы, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығы өкілдері мен отандық дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы өнімдер өндірушілер қатысты.

Жиналыста «СК-Фармация» ЖШС сапа талаптарына сәйкес келмейтін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы өнімдер жеткізу деректері туралы өтініші қаралды. Сонымен қатар отандық өндірушілердің ақау себебін анықтау және сапасыз өнім жеткізу салдарын жою жөнінде қолданған шаралары жайлы ақпарат тыңдалды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес қоғамдастықпен бірге дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы өнімдер өндірісінің сапасын реттеу үшін тұрақты әрекет ететін комиссия құруға шешім қабылдады. Отандық фармацевтика өнімін өндірушілер кәсіпорындарында ішкі бақылау механизмдерін құру міндеті алға қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер