«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Корпоративтік азаматтық

2015 жылғы 17 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
14744 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қаржылай көмек көрсете отырып, түйткілдерден сырт қалмайды

Қазіргі таңда табысты бизнесті жеке әлеуметтік бағдарланған стратегиясыз елестету қиын. «Киров атындағы зауыт» АҚ серіктестік және жауапкершілік принциптерін естен шығармайды («Киров» АҚ «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқауда «Үздік әлеуеметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында лауреат атанғанын еске саламыз). 

Қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі үнемі бұл кәсіпорын басшылығының назарында. Қазіргі кезде зауыт жеке қаражаты есебінен жас мамандар үшін жатақханаға өндірістік корпусты қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш әлеуметтік жобаны жүзеге асырудың жалпы құны 360 млн теңгені құрайды.

«ПЗТМ» АҚ-да еңбекті материалдық ынталандыру, жас мамандарды нығайту және кәсіби өсу, ардагерлерге қамқорлық жасауға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылады. Кәсіпорында ұжымдық шарт әрекет етеді, онда тараптардың еңбек қатынастары, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақыты және демалыс уақыты саласындағы міндеттемелер нақты берілген.

«ПЗТМ» АҚ қызметкерлері жеңілдікті жолдамалармен шипажайларда демалады, олардың балалары жазды демалыс лагерьлерінде өткізеді. Зауытта еңбекті қорғауға және қызметкерлер денсаулығына көп көңіл бөлінеді, денсаулық бекеті жұмыс жасайды. Спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады, сонымен бірге жазғы және қысқы спорт түрлері бойынша зауыт спартакиадасы. Әрбір өндірістік бөлімше жанында спорт алаңдары жабдықталған.

Бірақ әлеуметтік жауапкершілік ісіне зауыттықтар ғана үлес қосып жатқан жоқ. Ауылдық кәсіпкерлер де салмақты жұмыс жүргізеді. Мәселен, Есіл ауданындағы «Ильинское» ЖШС директоры Александр Бурлев мәдениет үйін қалпына келтіріп, туған ауылындағы жолды жөндеп қана қоймай, шамамен 60 млн теңге жұмсап, қызметкерлері үшін 33 үй салып берді.

«Медерес» фермерлік қожалығының басшысы Мейірбек Құсайынов 8 млн теңге жұмсап, Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының тұрғындары үшін шешінетін орын, душ кабиналары бар және жарықтандырылған стандартты хоккей кордын салып берді. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишимск ауылының жеке кәсіпкері Рафаил Сұлтанов та ауылдық жеткіншектердің бос уақытын ойластырып қойды. Ол тұрғызған хоккей корты тегін негізде БЖССО-ға берілді.

Тимирязев ауданындағы «Қуаныш және К» фермерлік шаруашылығының басшысы Қайырбек Хамзин де спортқа көп көңіл бөледі. Кәсіпкер бес жыл бұрын әйелдердің волейбол командасын ұйымдстырды. Кәсіпорын қаражаты есебінен спорттық форма, инвентарь, дәрумендер сатылып алынады, сайыстарға барулар және осымен байланысты шығындар қаржыландырылады: жалданатын тұрғын үйге ақы төленеді, спортшыларға еңбекақы беріледі. Сонымен қатар, спортшыларды аудан ауылдарынан күн сайынғы тренировкаға жеткізу қамтамасыз етіледі. Жыл сайын осы мақсатта шаруа қожалығы 10 млн теңге жұмсайды.

«Мәмбетов және К» командиттік серіктестігінің басшысы – Еркебұлан Мәмбетов бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне үлкен назар аударады. Ал оның бір формасы оқу орындарына көмек көрсету болып табылады. 

Кәсіпорында мектеп мерекелерін өткізуге айтарлықта ақшалай қаражат бөлінеді. Жыл сайын Мінкесер орта мектебінің бірінші сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттай отырып, сыйлыққа мектеп құралдарының жинағымен сөмкелер алып тұрады. Ауыл мектептерінің оқушылары жаңа жыл мерекесінде тәтті сыйлықтарға тояды. Оқу жылы бойында барлық балаларға (175 адам) шаруашылық есебінен ыстық тамақ ұйымдастырылады. 

Мінкесер және Бексейіт ауылдарындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелері шаруашылықтың ерекше мақтанышы болып табылады. Білім орындары шаруашылықтың жеке қаражатына салынып, аудандық білім бөлімі теңгеріміне тегін берілген еді. «Мәмбетов және К» командиттік серіктестігі спортты дамытуға, оқушылардың салауатты өмір салтын тәрбиелеуге ерекше үлес қосуда. Жыл сайын «Мәмбетов және К» КС жүлдесіне волейбол, баскетбол, үстел теннисі және грек-рим күресінен турнирлер өткізіліп тұрады. Хоккей клюшкасы, коньки және басқа да спорт құрал-жабдықтары сатылып алынады.

«Зенченко және К» командиттік серіктестігі ауылдық округтегі әлеуметтік сала дамуына үлкен көңіл бөледі. Ауылдық мекендерде ауылдық клубтар, мектептер, мектепке дейінгі мекемелер жұмыс жасайды. Жыл сайын шаруашылық есебінен жұмыскерлер үшін жаңа үйлер салынады. Қысқы уақытта барлық ауылдарда жолдар тазартылып, мұқтаж жандарға қамқорлық көмек көрсетіліп отырады.

Солтүстік Қазақстан кәсіпорындары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі міндетін адал атқарып жүр.


Ұқсас жаңалықтар:

Біздің мысал – басқаға ғылым
9 Қараша
2015
Ақтөбе облысы
Адамзат үшін!
27 Шілде
2015
Қарағанды облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер