Бәсекеге қабілеттілік аясындағы еңбек қақтығысы
2011-2014 жылдар аралығындағы кезеңде және 2015 жылдың өтіп кеткен кезеңінде Қазақстанда 87 еңбек қақтығысы орын алған
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі еңбек қақтығыстарын ескерту, шешу және реттеу жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін еңбек саласындағы әлеуметтік шиеленістердің туындау тәуекеліне тұрақты мониторингті жүзеге асырып тұрады.
Елімізде жүргізілген мониторинг деректеріне сәйкес, 2011-2014 жылдар кезеңінде және 2015 жылдың өтіп кеткен кезеңінде 87 еңбек қақтығысы орын алған (2011 жылы – 16 оқиға, 2012 жылы – 21, 2013 жылы – 28, 2014 жылы – 15 және 2015 жылдың өтіп еткен кезеңінде - 7).
Еңбек қақтығыстары туындауының негізгі себептері: жұмысшылардың еңбекақыны көтеру туралы талаптары, еңбекақының уақытылы төленбеуі, жұмысшылар санын қысқарту және қанағаттандырмайтын еңбек жағдайы. Еңбек қақтығыстары көбінесе құрылыс, мұнай өндіру және тау-кен өндіру салалары кәсіпорындарында туындап жатады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жүргізілген мониторинг деректерін негізге ала отырып, атқарушы органдармен бірге Еңбек қақтығыстары картасын жасайды. Аталмыш карта аясында еңбек шарттары қадағаланатын болады.
Алынған нәтижелер әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үш жақты комиссия (бұдан әрі – РҮК) отырыстарында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен ай сайын дерлік қаралып отырады.
Сонымен қатар, Министрлік тұрақты негізде кәсіподақ ұйымдарымен (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, тау-кен металлургия салалары) және жұмыс берушілермен өңірлердегі жеке меншік нысанындағы ұйымдар жұмысшыларына еңбекақы белгілеу әдістемесін түсіндіру бойынша тұрақты түрде хат алмасып тұрады (жұмыстың вахталық әдісі кезіндегі, ауысымдық жұмыс кезіндегі, күнбе-күнгі еңбекақы және т.б.).
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайтында еңбекақы, жалақыны белгілеу механизмі, сонымен бірге еңбекке ақы төлеу және өнімділік мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүзеге асырылады.
Еңбек саласының түйткілдерін шешу жөніндегі жұмыс 2016 жылға дейін Дүниежүзілік экономикалық форум Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі Шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: