«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тек қана қазақстандық!

2015 жылғы 08 Шілде
12560 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан кәсіпкерлерге көмек ретінде «Тапсырыстармен қамтамасыз ету орталығы (Контракция орталығы)» құрылады

Қазақстан Республикасының ЕАЭО және ДСҰ-ға интеграциялық процестері аясында жергілікті өндірушілерді қолдау мәселелері күн өткен сайын өткірленіп, өзектене түсуде.

«Осыған орай Ұлттық палата ішкі нарықта импорттың орнын ауыстыру және отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында «Тапсырыстармен қамтамасыз ету орталығын (Контракция орталығын)» құруды бастамалады», - деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Контракция орталығы отандық өндірушілердің Бірыңғай тізілімін қалыптастырумен, тендерлік құжаттама жобасын алу мәселелерін шешумен, сатылып алынатын тауарлар мен қызметтер техникалық спецификациясын сараптаумен айналысады. Орталық сонымен қатар бюджеттік жобалардың, жобалау-сметалық құжаттаманың, Қазақстанда жоба иелері талаптарын қазақстандық өнімге қарай қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын ірі жобалар бойынша жұмыстардың техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша сараптама жүргізеді.

«Отандық өндірушілердің өнімдерін сатып алу көлемін ұлғайту бойынша орталықтандырылған, жүйелік әрекеттер ішкі нарықтағы тауар өндіру мен тұтыну теңгерімін құруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Юлия Якупбаева.

ҰКП төрағасының орынбасары атап өткендей, Орталық құрудың алғашқы кезеңіндегі алғышарт «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамымен алдын-ала біліктілік іріктеулері тәртібін дайындау аясында өндірушілердің деректер базасын қалыптастыру туралы қол жеткізілген келісулер бола алады.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық палатаны 30 000 компания туралы ақпараттан тұратын Қордың тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізушілерінің бұрыннан келе жатқан базасын түзету жөніндегі жұмысқа тартуды жоспарлап жүргені белгілі.

«Бүгінгі таңда Ұлттық палата отандық құрылыс материалдарын өндірушілер Тізілімін жасап та қойды. Аталмыш тізілімге құрылыс материалдарын 400-ден астам өндіруші кіреді. Тізілім ЭКСПО-2017 нысандары құрылысының бірінші кезектегі қажеттіліктеріне қарай қалыптастырылды», - дейді Юлия Якупбаева.  

ҰКП төрағасы орынбасарының айтуынша, Тізілім қалыптастыру жұмысына «Бәйтерек Девелопмент» АҚ да тартылған. Ұлттық палатаға қазірде ірі мердігерлердің Бірыңғай тізілімге енгізілген Қазақстанда жасалған құрылыс материалдарын қолдануы туралы мәліметтер келіп те жетті. Олар: «Mega Plaza» ЖШС, «Интергорстрой», «Люкс недвижимость Group», «BI Group Corporation», «Малик», «ISHEDO Energy», «Southern bilding Group», «Жабдықтау», «Техноснастка-Ремсервис», «СВ Плюс», «Дорстройтрест»,  «Рулан Сервис ЛТД» және «Project City Group» ЖШС, тағы басқалары.

«Тізілім сонымен қатар «Нұрлы жол», «ЭКСПО-2017» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар міндеттерін жүзеге асыру аясында қолданылады», - деп атады Юлия Якупбаева.   

Ұлттық палатаның Тізілім қалыптастыру жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы құрылыс салушы компаниялардың жеке бастамалары жайлы хабардар болуға мүмкіндік берді. Мысалы, BI Group хабарлағандай, www.construction.bi-group.kz порталында құрылыс материалдарын жеткізушілерді тізілімге қосу және жүргізіліп жатқан тендерлер туралы жіберілімдер алу мақсатында олар үшін тіркеу сауалнамасы орналастырылған.  

Ұлттық палата отандық тауар өндірушілер туралы ұсынылған деректер «NADLoC» АҚ www.ks.gov.kz. порталында орналастырылған Бірыңғай тізілімге енгізілетін болады деп хабарлайды.

Отандық тауар өндірушілер Бірыңғай тізілімге қосылуға арналған сауалнама формасымен мына жерде таныса алады:

Тізілімді қалыптастыруға қазірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының барлық салалық комитеттері кірісіп кетті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер