«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өтініштердің көбейгені – сенімнің артқаны

2015 жылғы 08 Шілде
- Қостанай облысы
12144 просмотров

Қостанайлық бизнесмендер салық органдарына, көлік инспекциясына және жер қатынастары бөлімдеріне жиі шағымданады. Өңірдегі Кәсіпкерлер палатасы бірінші жарты жылдық жұмысының қорытындысын шығара отырып, осылай деп мәлімдеді.

Палата директорының орынбасары Самат Сәдуақасовтың айтуынша, жыл басынан бері құқық бұзу туралы түрлі шағымдармен 85 бизнес субъектісі жүгінген. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 30 %-ға көп.

Мәселен, салық қатынастары саласындағы жөнсіздікке шағымданған өтініштер саны төрт еседен асып кеткен. Бұған алкоголь өнімін сақтау және сату үшін лицензиялық алым енгізу де себеп болып отыр.

«Қызметін ресми түрде тоқтатқан, бірақ лицензияларын тапсырмаған кәсіпкерлерден өтініштер көптеп түседі, ал оларға лицензиялық алымды төлемегені үшін айыппұл салынған екен. Бұл жағдайда олар жазалаудың сәйкессіздігіне шағымданды. Лицензиялық алым саласындағы барлық түйткілдерді жалпылап, нақты ұсыныстармен Ұлттық палатаға кейін НҚА-ға өзгертулер енгізу үшін жолдадық. Қазірде қарауда жатыр және түйткілдер тізіліміне енгізілді», - деп мәлімдеді Самат Сәдуақасов.

Палата сарапшылары сатистика мәліметтерін келтірді. Оған сәйкес өтініштердің жалпы санынан 32% салық органдарына келеді, 15% көлік бақылау органдарына, 10% мемлекеттік сатып алулар саласындағы бұзуларға, шағымдардың 9%-ы жер қатынастары, сәулет және құрылыс саласына тиесілі.

"Соңғы мысалдар қатарына «Қостанай автовокзалы» ЖШС өтінішін келтіруге болады. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті орындалуға тиіс Ұлттық стандарт күшіне енген болатын. Ол вокзал маңы алаңының болуын көздейді, ал жергілікті атқару органдары бұл алаңда такси және жеңіл автокөлік тұрағын, автобус аялдамасын ұйымдастырады. Алайда вокзал маңында қазір алаң жоқ. Осының салдарынан халық қолайсыздық көруде. Бірнеше мәрте кездесу және талқылаулар өткізілген соң, бізді облыс прокуратурасы қолдап, жергілікті атқару органдары атына стандарт орындалуын тиісті түрде сақтамау туралы ұсыныс енгізді», - деп атады Самат Сәдуақасов.    

Жалпы, өткен алты ай ішінде Палата сарапшылары кәсіпкерлердің 29 түйткіліне оң шешім тапқан. Жұмыс жасай бастаған сәттен бастап шамамен 500 млн теңге сомасына татитын шығынға жол берілмеген. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер