Жаңа тағайындау
Мейірбек Мәжитов Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшылығынан кетті. Енді ол Қазақстанның Сыртқы сауда Палатасына басшылық етеді.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының шешімімен Мейірбек Сабырұлы Мәжитов Қазақстан Республикасы Сыртқы сауда Палатасының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
Мейірбек Мәжитов 1978 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген.
Көкшетау Мемлекеттік Университетінің шетел тілдері факультетін аяқтаған. 2008 жылы КИМЭП магистратурасын «басқарушы кадрлар үшін бизнес-әкімшілік ету» мамандығы бойынша тәмәмдайды.
Коммерциялық құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда түрлі басқарушы лауазымдарда болған. 2006 жылы «ҚАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлері қауымдастығын құруға қатысып, онда Бас директор лауазымында болады.
Елордалық Кәсіпкерлер палатасын 2013 жылы басқара бастады. Осы уақыт ішінде мемлекеттік органдармен стратегиялық серіктестік орнатылды, сонымен қатар елордадағы түрлі мемлекеттік құрылымдарда бизнес мүддесін таныту жөнінен жүйелік жұмыс пен сындарлы сұхбат жолға қойылды.
Мейірбек Мәжитов елордадағы бизнес-қоғамдастық арасында танымал бірқатар жобалардың бастамашысы болып табылады («Startup Форум», «Астаналық жұмысбастылық форумы» және басқалары).
Белсенді азаматтық ұстанымы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатына ие болды. Еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: