«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Беріктікті сынау емтиханы

2015 жылғы 07 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
10753 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы өңір кәсіпорындарымен бірге жас түлектерді жұмысқа тұрғызуға ат салысады

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Өскемен көп салалы технологиялық колледжі мен облыс кәсіпорындары арасында мамандар даярлау туралы үш жақты шарттарға қол қойылды. Шарттарда Палата сарапшыларының біліктілік емтихандарына қатысуы туралы норма кіргізіледі. Бүгін колледжді «Тағамдық емес тауарлар сатушысы» мамандығы бойынша бітірген, мемлекеттік тапсырыспен білім алған 21 студент қорытынды біліктілік емтиханына шықты.

Болашақ сатушылар емтихан қабылдаушыларға өздерінің бітіру жұмыстарын ұсынды. Бітіру жұмыстары өзекті әрі практикалық сипатта болып, комиссия мүшелерінің қызығушылығын тудырды.

«Колледж студенттерінің қаншалықты даярланғанын көрдік. Кейбірін бүгін-ақ жұмысқа шақыра аламын», - деді комиссия мүшесі, «Кседа» ЖШС бас директоры Василий Лысянский.

ШҚО шағын және орта бизнес жұмыскерлері кәсіподағының төрағасы Галина Казанцеваның айтуынша, жас мамандарды жұмысқа тұрғызу түлектердің ғана емес, жұмыс берушінің де түйткілі. Жұмыс беруші біліктілік емтиханына қатыса отырып, жас кадрларды өз бетінше іріктеу мүмкіндігіне ие болады. 

Бүгінде ШҚО Кәсіпкерлер палатасы мен оның филиалдары өңірдегі 8 колледжбен арада мамандар даярлау туралы 94 шартқа қол қойған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер