Бизнес-қоғамдастық қатары толықты
Ақмола облысы Есіл ауданында «Бизнес-кеңесші» қысқа мерзімдік курстары аяқталды
Бизнес-бастамаға ие адамдар және әрекет етуші кәсіпкерлерден тұратын 34 тыңдаушы бухгалтерия, бизнес-жоспар жасау, мемлекеттік бағдарламалар аумағынан білім алды.
Маркетинг, кәсіпкерліктің құқықтық жақтары сияқты бағыттар да назардан тыс қалмады. Тәжірибелі бизнес-тренерлер кәсіпкерлерге қажетін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Көптеген тыңдаушылар үшін жедел-курстар жоспарларын жүзеге асыру үшін бастау алаңына айналды. Есіл ауданының тұрғыны Нұржан Досихов автожуу ашпақшы. Палата сарапшылары оған, бірінші кезекте, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге кеңес берді. Курс барысында берілген сертификат Нұржанның «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысуына мүмкіндік береді.
«Осы екі күн ішінде көп нәрседен хабардар болдым. Енді мемлекеттік қолдау бағдарламаларының аясында қаржыландыруға сүйене аламын. Дәл осы бағыттағы білімім жетіспеген еді. Кепілдікті мүлкім бар, бизнес ашу жөніндегі білімге де ие болдым», - дейді Нұржан.
Енді ол облыс орталығы Көкшетауға бармақшы. Онда өңірлік Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бизнес-жоспар жасауға көмектеседі.
Динара Тасеменова да базалық білім алып шықты. Бизнесвумен ЖК тіркеп те қойды. Ол енді гранттық қаржыландыруға сеніп отыр, себебі оның жобасын инновациялыққа жатқызуға болады. Динара Есіл ауданында интернет-дүкен ашып, тауралардың кең көлемін сатумен айналыспақшы. Қазіргі сәтте Палатаның Есіл ауданындағы сарапшылармен бірге ол қажет құжаттарды жинап, сонымен бірге өз бизнес-жобасы бойынша консультация алып жүр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: