«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруаларға субсидия алуға көмектесу

2015 жылғы 03 Шілде
- Ақтөбе облысы
10233 просмотров

Ақтөбелік шаруалар Мал шаруашылығын субсидиялау ережесіне өзгертулер енгізуді ұсынады

Қолданыстағы критерийлер мен талаптар бюджеттік субсидия алуға үміткерлер санын шектейді. Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары шаруа қожалықтары басшыларының арасында жүргізілген сауалнамадан кейін осындай қорытындыға келді.

«Ірі қара малды семірту үшін немесе сиыр етін өндіру үшін төмендетілген субсидияларды алуға тек бір жыл бойы кем дегенде 400 бас мал семірткен тауар өндірушілер ғана үміттене алатыны белгілі. Субсидияның көтерілуіне (бірінші деңгей бір келіге 220 теңге нормативімен) бір уақытта кем дегенде 3000 бас мал семіртетін тауар өндірушілер ғана сүйене алады», - деп хабарлады palata.kz-ке ӨКП сарапшысы Нұрбол Аймағамбетов.

Сонымен бірге, статистика ауыл шаруашылығы күллі өнімінің 80%-ы шағын, орта бизнес және жеке қосалқы шаруашылық үлесіне келетінін растайды. Бұған қарамастан, субсидиялаудың басым бөлігін ірі аграрлық құрылымдар алады.

«Сонымен бірге жеке меншік қоныс иелерінің азық даярлау мәселелерімен айналысуға мүмкіндігі жоқтығын және осының салдарынан мал басын көбейте алмайтынын ескеру қажет. Осылайша, мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдауға және ауылдағы жұмысбастылықты арттыруға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында көрсететін қолдау шаралары айтарлықтай нәтиже бермейтінін шамалауға болады», - деп есептейді Кәсіпкерлер палатасының өкілі.

Осыған орай шаруалар мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын көтеру мақсатында Субсидиялау ережесіне өзгертулер енгізуді ұсынады. Атап айтқанда, сиыр етін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге мал басын азайту ұсынылады: (1 деңгей) – 3000-нан 1500 басқа дейін, (2 деңгей) – 1500-ден 500 басқа дейін, (3 деңгей) – 400-ден 100 басқа дейін. Бұл шағын шаруа қожалықтарын және фермерлік шаруашылықтарды дамытуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер