«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Болашақ роботтар мен креативті идея қолында

2015 жылғы 02 Шілде
13698 просмотров

Мемлекет басшысы Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея үлгісімен Қазақстанды танытатын жаңа бренд жасап шығуды тапсырды

Қазақстанға іргелі индустриялық жобалар ғана емес, еліміздің әлемге танымал болуына көмектесетін бизнес-идеялар да қажет. Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өткен «Нұрлы жол» және еліміздің индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылу барысына арналған жалпы ұлттық телекөпір үстінде осы ойды бірнеше мәрте қайталады.  Қазақстанның Үкіметі және Мемлекет басшысының өзі жаңа зауыттар, фабрикалар мен цехтар ашуға, жұмыс орындарын құруға сеп болатын қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін бар жағдайды жасауын жалғастырады. Атап айтқанда, жаңа жолдар құрылысы жалғасады, сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерді халықтың жұмысқа орналасуын ғана емес, «қарап отырмай», өңіраралық сауданы біршама белсендірек жүргізуге үндеді.

Дегенмен де, бүгін сөз алған инвестициялар және даму жөніндегі министр Әсет Исекешев баяндауынша, алғашқы бес жылдықтың мәресі мен екіншісінің басталуы «аса күрделі жағдайларда» орын алуда». «Геосаяси сынақтар, мұнай бағасының құлдырауы, Ресей мен Қытайдағы экономикалық өсімнің төмендеуі өнеркәсіп пен жалпы экономикада айтарлықтай салмақты түйткіл туындатты», -  деді министр. Қытайдан сұраныстың төмендеуіне байланысты, темір кенін өндірудің төмендеуі байқалады. Машина жасау өсімі 30% құлдырады, - деді ол. Сонымен қатар, Әсет Исекешевтің деректеріне сүйенсек, 2015 жылдың басында «картаның 770 жобасының 200-ден астамы қуаттылықтарды жүктеуге қатысты қиыншылыққа ұшырады, кейбіреуінің өндірісті уақытша тоқтата тұруына тура келді». «Бірінші кезекте – ресейлік рубль бағамының құлдырауына және ішкі нарықтағы сұраныстың төмендеуіне байланысты. 5 ай ішінде 135 жобаны тұрақты жұмысқа шығара алдық. Қалған кәсіпорындар бойынша жағдай оңай болмай отыр, жұмыс жалғасуда», - деп атады Әсет Исекешев.

Мемлекет басшысы осыған орай инвесторлар мен бизнесті өз өндірістерін қайта құруға шақырды. Нұрсұлтан Назарбаев әрекет етіп тұрған кәсіпорындарға назар аударуды және «үнемшіл өндіру жүйесі, роботтандыру элементтері, автоматтандыру, технологиялық желілерді модернизациялау» есебінен олардың өнімділігін көтеруді ұсынды. «Бұл көрсеткіштерді енгізу жұмыс орындарының қысқаратынын, артықтардың қысқартылатынын, роботтар келіп, болашақта бүгінгі күнгі мамандықтардың жай ғана жоғалып кетуін білдіреді», - деп атады Қазақстан Президенті. «Үнемі айтып келемін, бәсекеге дайындалыңыздар, қазір тағы айтқым келеді: дәл осындай технологиялық модернизацияға дайындалыңыздар», - деді Мемлекет басшысы, сонымен қоса Қазақстанның ДСҰ-ға кіретінін еске салып.

Қазақстанның Президенті бүгін еліміздің экономикалық әлеуетін бағалауда да барынша ашық ойлар айтты. «Қазақстан қашан да шикізаттық мемлекет болып келді. Ол тек шикізат жеткізіп келді, ал қазір заман өзгерді, бұлайша өмір сүре алмайтынымызды түсіндік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгі таңда мемлекеттегі жаңа экономикалық үміттер шағын және орта бизнестің индустриялық жобаларға біршама белсене қатысуымен байланысты. «Индустрияландыру, соның ішінде шағын және орта бизнесті, орта санатты дамыту – қазірде бізге керегі осы», деп баса көрсетті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев сонымен бірге басқа елдер үлгісімен Қазақстан үшін жаңа бренд жасау қажеттігі жайлы мәселені көтерді. «Жапония – Күншығыс елі. Корея – Таңғы тазалық елі. Нидерланды – Қызғалдақтар елі, Қытай – Аспан асты елі. Бізге де осындай дүние қажет», - деп атады Елбасы.

«Қазақстан – ұлы дала елі. Ұлы дархан дала, мәңгілік көк аспан. Астаса келіп, мен ойлап тапқан туымыздың түсі туды. Бұл барлығыңыздың біліп жүруіңіз үшін қажет. Елімізді біріктіретін бірыңғай түс. Біз ұлы даланың перзенттеріміз. Біз жай ғана көшпенді емеспіз. Осы ұранмен, жаңа брендпен әлемге жаңа Қазақстан ретінде көрінуге тиіспіз», - деп үндеді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар әлемді өз әтірлерімен, шараптарымен жаулап алған Францияны, сондай-ақ «ол ел тас пен құмда орналасса да, құлпынайын жеп жүрміз» деп Израильді мысалға келтірді. «Жапондар шикі балық жеуге мәжбүрледі, қазақтар шикі балық жеп жүр, сенесіздер ме, сенбейсіздер ме?» - деді ол.

Мемлекет басшысы «жастарды күлі әлемнен барын жинап әкеп, жаңа дүние жасауға» үндеді. Бір айта кететіні, Президент Қазақстанның да әлемді таңқалдыруға үйренгенін айтып, түйіндеді. Мемлекет басшысы аталмыш мәселе жайлы айта келіп, өзінің ЭКСПО-2015 көрмесіне, Миланға жасаған сапарында алған әсерлерімен бөлісті. Нұрсұлтан Назарбаевтың осы көрмеде Қазақстан күнінің ашылуына қатысқанын еске саламыз. Біздің Миландағы павильонға келгендер қонақжайлылық пен қазақ ұлттық тамақтарынан әсер алып қана қоймай, шетелдіктерге көрсетілген алып апорт алмасына таңданысып қайтыпты. «Біздің аграрийлер 600 грамдық апортты көрсетті. Бәрі осының маңынан табылып, бұл алма ма, жасанды дүние ме, деп сұрап жатты», - деп бөлісті Елбасы.

Бүгін салтанатты жағдайда, Қазақстан Президентінің қатысуымен «онлайн» режимде 10 жаңа нысан пайдалануға енгізілді:

  1. "Aluminium of Kazakhstan" ЖШС алюминий профиль өндірісі / Алматы облысы
  2. Полимерлік өнім өндірісі. Атырау облысындағы мұнай-газ химиясы кластерін іске қосу.
  3. «УКТМК» АҚ Кеуекті титан өндірісі / ШҚО
  4. "Burnoye Solar-1" ЖШС 50 Мвт қуаттылықты Бурное алаңындағы Күн электр станциясы / Жамбыл облысы
  5. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ №3 домналық пешін қайта қалпына келтіру / Қарағанды облысы
  6. "Лидер-2010" ЖШС Сүт және қышқыл сүт өнімдері өндірісі бойынша цех / Қостанай облысы
  7. «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Боржақты - Ерсай» Темір жолы  / Маңғыстау облысы
  8. "ҚАЗТЕХМАШ" ЖШС ауылшаруашылық, тасымалдау және коммуналдық техника өндірісі / СҚО
  9. "KAZ KIOTI" ЖШС Daedong  корейлік компаниясымен бірлескен тракторлар өндірісі / ОҚО
  10. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Астана қаласындағы Көлік-логистикалық орталығы

Мемлекет басшысына сонымен қатар Орал – РФ шекарасы автожол телімі құрылысының басталғаны және «Ақтау Теңіз порты» АЭА-да 3 құрлық жүк терминалы құрылысының аяқталғаны жайлы ақпарат берілді. Президент сонымен қатар 5 инфрақұрылымдық нысан құрылысының барысымен танысты («Нұрлы жол» бағдарламасының аясында).

Бұл:

  1. Қапшағай қаласы жанындағы автожол айырымы / Алматы облысы
  2. Көпір, Павлодар қаласын айналып өту
  3. ОҚО және Жамбыл облысы арасындағы туннель
  4. ОҚО мен Ақтөбе облыстарындағы индустриялық аймақтар

Қазақстан Президенті «Қазақстанда жасалған» көрмесінде болып қайтты. Нұрсұлтан Назарбаев 80-нен астам отандық компания өнімдері көрсетілген стенділерді қарап шықты.

 Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер