«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңсыз қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және онымен күрес жолдары

2015 жылғы 02 Шілде
11508 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиналыс көлеңкелі экономика және заңсыз қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимылдың ықтимал жолдарына арналды

ҰКП басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның төрағалығымен бейнеконференция режимінде өткен жиналысқа ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко, қаржыгерлер мен банкирлер қатысты.

Бас қадағалау органының өкілі банкирлерді сындарлы сұхбатқа шақырды. Мамыр айының соңында ҚР Бас прокуратурасы Мемлекет басшысына өтінішпен жүгінгені белгілі. Өз өтінішінде олар көлеңкелі экономика және капитал жылыстауымен күрес жөніндегі бірқатар шараларды ұсынған болатын. Ірі сомаларды қолма-қол ақшаға айналдыруға салық енгізу туралы ұсыныс басты идея ретінде айтылды.

Юлия Якупбаеваның айтуынша, Үкімет алаңында талқыға түскен бұл ұстаным мемлекеттік органдар арасында бірыңғай қолдау тапқан жоқ. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері сонымен қатар осыған қатысты өз қауіптерін жеткізді. Осыған орай, тараптар тікелей тыйым салу сипатын бермей, қолма-қол ақшаға айналдырумен күрсеке сеп болатын шаралар кешенін дайындауды ұсынды.

Бас прокурордың орынбасары қолма-қол ақшаға айналдырумен күрес тақырыбының өзектілігі жайлы айта келіп Қазақстан мен Таяу Шығыстағы халықаралық шиеленістер ошағының аумағы жөнінен жақындығын атап көрсетті. Андрей Кравченко сонымен қатар «кэшинг ин», жалған кәсіпкерлік деректері және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының өсуі арасындағы өзара байланысты атап өтті.

Бас прокурор орынбасарының сөзіне сүйенсек, «заңсыз ақшаны қолма-қол қаражатқа айналдыру» қоғамның экономикалық негіздеріне салмақты қауіп төндіреді, себебі ол заңсыз мәмілелер санының өсуін, Қазақстанда 30 пайыздық сыни көрсеткішке жетіп қалған «көлеңкелі» экономиканы және салықтан жалтаруды көрсетеді.

«Заңсыз қаражатпен тек құқық қорғау органдарының әдістерімен ғана күресуге болады деп есептемейміз. Сондықтан да сіздерден сындарлы ұсыныстар күтеміз», - деді Андрей Кравченко.

Әлемдік тәжірибеге негізделген ұсыныстар кешенін қалыптастырған ҚР Ұлттық банк өкілдерінің ойынша, жағдайды қолма-қол ақшасыз есеп-айырысу үлесінің ұлғайтылуы өзгертуі мүмкін. Ал ол үшін халық пен бизнесті түрлі салық жеңілдіктері түрлерімен ынталандыру болжанады.

Екінші деңгейлі банктер мамандары да өз ұсыныстарын жеткізді. Олар көбінесе электронды төлемдерді қолданатын кәсіпорындар үшін салық ауыртпалығын төмендетуге қатысты болды.

Алайда банкирлер де, прокуратура өкілі де, ҰКП сарапшылары да «заңсыз қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру жүгенсіздігін» табыстар мен шығыстарды жалпыға ортақ декларациялауға көшу жоятынына келісті.

Біразға созылған пікірталастан кейін тараптар ҚР Ұлттық банкінің зерттемелеріне сүйене отырып, халық пен бизнесті қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолдануға ынталандыру бойынша шаралар кешенін дайындау қажеттігі жайлы бір пікірге тоқталды.

Банктер өкілдері, жалған кәсіпкерлік деректерін болдырмау үшін, ҚР Әділет министрлігімен заңды тұлғаларды тіркеу кезінде жауапкершілікті көтеру жөніндегі шараларды мұқият пысықтау қажет деп есептейді.

Тараптар сондай-ақ «Doing Business» рейтингі талаптары мен бизнесті жүргізудің жағымды жағдайлары жайлы пікірталастарға заңсыз жолмен алынған табысты қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимылға жауап беретін Дүниежүзілік Банк сарапшыларын тарту қажеттігін құптады. Аталмыш мәселелерде теңгерім табу қажет.

Юлия Якупбаева жиналысты аяқтай отырып, пікірталасқа қатысушыларды айтылған ұсыныстардың бәрі жүйеге келтіріліп, заңсыз қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға деген Бас прокуратурамен ортақ ұстанымдарды дайындау жөніндегі жұмыстың жалғасын табатынына сендірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер