«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік бағдарламалар жайлы

2015 жылғы 01 Шілде
- Ақтөбе облысы
11234 просмотров

Мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін анықтауға жүргізілген қоғамдық мониторинг

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе облысында жүзеге асырылатын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының тиімділігін айқындау үшін, «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламаларының қолжетімділігі мәселелері бойынша 2013-2014 жылдар қорытындысы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қолданған кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізу арқылы қоғамдық мониторинг жүргізді.

Атап айтқанда, мемлекеттік қолдау алу кезінде бизнес үшін белгілі бір кедергілер жасайтын түйткілдер анықталды. Шағын және орта бизнестегі ісін бастаушы субъектілер үшін жеткілікті кепілдік қамсыздандырудың жоқтығы салдарынан қаржы қаражатының қолжетімсіздігі жүйелік түйткіл болып қала береді.

«Сөйтіп, екінші деңгейлі банктердің 2013-2014 жылдардағы «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасының кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағыты бойынша республикалық бюджеттен шамамен 3,5 млрд. теңге бөлінген және кредиттің жалпы сомасы 16,9 млрд теңгеге жергілікті кәсіпкерлердің 153 кредитінің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланған. Оның ішінде 44% жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсету үшін арнайы техника сатып алуға тиесілі, 22% -өндіріске арналған жабдық сатып алуға және 6% - жаңа ғимараттар салуға және ескілерін қайта қалпына келтіруге. Барлық бөлінген қаражаттан тауар өндіруге қолдау сомасының төрттен бірі ғана жұмсалатыны анықталды, өйткені банктер жеткіліксіз кепілдікті қамсыздандыру салдарынан ісін бастаушы кәсіпкерлерді кредиттеуге келісе бермейді. Одан да банктің кредиттік ресурстарын әрекеттегі бизнесті дамытуға бағдарлауды жөн көреді. Екі жыл ішінде үш кәсіпкер ғана мемлекеттік қолдаудың осы шарасын пайдаланып бизнес ашқан, ал қалғандары әрекеттегі бизнесін кеңейткен. Яғни ШОБ жаңа субъектілерін дамытудағы болжанған әсерге жеткілікті деңгейде қол жеткізілмейді», - деп есептейді ӨКП бөлімінің бастығы Мирлан Бейсенғалиев.

Сонымен бірге мемлекеттік бағдарламалар қолдау шаралары арқылы бизнес-бастамаларды жүзеге асырудың дер кезінде жүруіне кедергі келтіретін фактор кәсіпкерлерден келіп түскен өтінімдерді қарау мерзімін реттемелеудің жоқтығы болып табылады. «БЖК-2020» бағдарламасының ережелеріне сәйкес, екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру механизмі нақты мерзімдерді көрсетусіз баяндалған. Әдетте қарау мерзімдері мен банкке қажет құжаттарды сұрату олардың ішкі процедурасына сәйкес жүзеге асырылады да, бұл кәсіпкерлер өтінімінің ұзақ уақыт бойы қаралуына алып келеді.

«Бизнесмендер арасында іріктеме түрде сауалнама жүргізу қорытындысы бойынша құжаттар жинау мен оны банктің бас кеңсесінің қарауы бір айға созылатыны анықталды. Бас банктің мақұлдауына екі апта кетеді. Кәсіпкерлік басқармасы бағдарламасының үйлестірушісі орташа алғанда бір апта бойында өтінімдерді қарап, хаттамалар ресімдейді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер арасында іріктеме сауалнама жүргізу барысында Ақтөбе облысы облыстық кәсіпкерлік басқармасының жоспарланған салық сомасы және жұмыс орнының саны сияқты ережеде көзделмеген құжаттарды ұсыну туралы заңсыз талаптары анық болған», - деп жалғады сөзін Мирлан Бейсенғалиев.

«ЖҚЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы микрокредиттеу бағыты бойынша мемлекеттік қолдау механизмін реттемелеудің белгіленген мерзімінің жоқтығымен байланысты осыған ұқсас жүйелік түйткілдер анықталған. Сонымен, кәсіпкерлер арасындағы іріктеме сауалнама нәтижесінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтінім беру үшін орташа алғанда бір ай, ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ кредит беру жөніндегі операторының мақұлдауына тағы екі апта кететіні анықталды.

Сонымен қатар, «Даму» КДҚ» АҚ банктердің пайыздық мөлшерлемелері бойынша субсидияларды уақытында төлемеуі кәсіпкер үшін айтарлықтай елеулі  болып табылады да, бұл кәсіпкерлердің олардың алдындағы міндеттерін жосықсыз орындауына алып келеді. Атап айтқанда, «ТрансХимСнаб» ЖШС-ға кредитті субсидиялау мақұлданады, ал ол бойынша ай сайынғы төлемдер төлеу бойынша міндеттемелер әр айдың 25 күні жүзеге асырылуға тиіс. Алайда «Даму» субсидияларды аталмыш мерзімнен кешірек төлейді. Сондықтан да бұл компания айдың 25-не дейін банкке барлық 14 пайызды төлеуге және «Даму» қаражаты түскеннен кейін бұрын төленген қаражатты (7%) банктен қайтарып алуға мәжбүр. Бұл да қолайсыздық тудырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер