«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» қоғамдық тамақтану саласында бизнес жүргізу тұжырымдамасын дайындайды

2015 жылғы 26 Маусым
- Астана қаласы
13806 просмотров

«Мобильдік сарапшы» жобасының алғашқы нәтижелері белгілі болды

Астанада қоғамдық тамақтану нысандары қызметінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізуге бағытталған «Мобильдік сарапшы» жобасы жалғасуда және алғашқы нәтижелер белгілі болды. Жобаның «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен үстіміздегі жылдың маусым айының басында бастау алғанын еске саламыз. Жоба аясында қоғамдық тамақтану нысандарының иелеріне қызметін жақсарту үшін ұсыныстар беріледі. Сарапшылар барған қоғамдық тамақтану орындарының алғашқыларының бірі «На крыше» мейрамханасы болды. Оның бірге иемденушісі елордалық жетекші ресторатор Гурген Басенцян болып табылады. Гурген Басенцян жобаға қатысуға құлшыныспен келісіп, бас сарапшы-консультант атанды. Ресторатор палата сарапшыларымен бірге қоғамдық тамақтану нысандарын тексеру бойынша нұсқаулық дайындап шықты. Комиссия мейрамханада болған кезде мекеменің барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауына жоғары баға берді. 

«Атамекен» ҚР ҰКП Сауда комитеті хатшылығының мамандары, сондай-ақ елордалық Палата сарапшыларынан тұратын сараптау тобы жоба аясында бірқатар қоғамдық тамақтану орындарында болып қайтты: «Лаки», «Триумф Астаны» мейрамхана-қонақ үй кешендері, «Кавказская пленница» дәмханасы және «Mumtaz» халал мейрамханалар желісі.

Қоғамдық тамақтану субъектілерінде болу қорытындысы бойынша мекемелер иелеріне нұсқаулықтар берілді. Сарапшылардың салыстырмалы талдау барысында мекеме ахуалы шебер басқарушыға да байланысты деген пікірге тоқтам жасағанын атап өтеміз.

«Біз халал таңбасымен жұмыс жасаймыз, ал бұл екі есе жауапкершілік. Қазіргі кездің талаптары өте қатаң. Сондықтан да барлық стандарттарға сәйкес келуге тырысамыз, мамандандырылған зертханаларда өнімдерге талдау жүргіземіз, қызметкерлерді оқытамыз, оларға баспанаға дейін, күллі әлеуметтік пакетті ұсынамыз», - деп атады «Mumtaz» мейрамханалар желісінің директоры Ботагөз Ақтаева.

Мәлімет үшін, 2014 жылы улану деректері кездесетін жаппай ТЖ саны 17-ге жетті. Бір қарағанда бұл деректер маңызсыз сияқты. Бірақ санитарлық дәрігерлер мен сарапшылар олай ойламайды. Бұл қауіпті өсім, деп есептейді Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі департаменттің санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Александр Ким.

«Нөлдік белгі болуға тиіс. Егер нысан бақылауда болса, және де біз онымен жұмыс жүргізген болсақ. Заңға бағынышты кәсіпкер ретінде ол мұның бәрін сақтауға тиіс. Улану жағдайлары мүлдем болмауға тиіс», - деп түйіндеді сарапшы «Кәсіпкерлік сағат» жобасының кезекті семинары барысында елордалық кәсіпкерлерге жүгіне отырып.

Сараптау комиссиясының өкілдері «Мобильдік сарапшы» алғашқы пилоттық жобасының қорытындысы бойынша мекемелер иелерінің көптеген қызықты пікірлеріне құлақ түрді. Кері байланыс пайда болды, және де «Атамекен» ҚР ҰКП қызметіне деген сенім күшейе түсті, кәсіпкерлер салмақты қолдауды сезінді және Палатаға бизнес пен «Атамекен» ҚР ҰКП арасында жаңа әдістерді енгізу және бизнесті жүргізу техникасы мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту ұсынысымен жүгінді де.

«Атамекен» ҚР ҰКП Сауда комитеті және өңірлік кәсіпкерлер палаталары жобаға қатысушылар тілектерін зерттеп шығып, бизнес өкілдерімен және уәкілетті органдармен күш біріктірмекші және қоғамдық тамақтану саласының ахуалын жақсарту үшін мынадай іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр:

  1. Қоғамдық тамақтану саласында бизнес жүргізу жөніндегі тұжырымдама дайындау.
  2. Басқарушылар, рестораторлар және әкімгерлерді жүйелік оқытуды бастамалау. Тәжірибелі практиктерді тарту, семинарлар, тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізу
  3. Шетелдік рестораторлармен тәжірибе алмасу мақсатында қысқа мерзімді бизнес-миссиялар ұйымдастыру.
  4. Рестораторлардың өздеріне түрткі беру үшін әрі мейрамхана бизнесінде бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін, «Үздік қоғамдық тамақтану мекемесі» номинациясында байқау өткізу.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер