«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаман кеңес берілмейді

2015 жылғы 24 Маусым
- Қызылорда облысы
14541 просмотров

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне қысқа мерзімдік оқуға шақырады

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы барлық тілек білдірушілерді «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша тегін екі күндік курстан өтуге шақырады.

Тәжірибелі тренерлер: Аманова Жанна, Байсалбаев Еркін және Ержанова Дана маркетинг, адами ресурстарды басқару, бизнес жүргізудің заңгерлік мәселелері, қаржы бойынша сабақтар өткізеді. Тренингке қатысушылар екі күн ішінде ақпараттық ресурстарды қолдануға үйреніп, салық режимдерінің қыр-сыры жайлы хабардар болады, бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарымен танысады және бизнес-идеялар таңдауға көмек беріледі.

     Сабақ кестесі:

  • 8-9 шілде — Сырдария ауданы
  • 15-16 шілде – Шиелі ауданы
  • 16-17 шілде – Қызылорда қаласы
  • 22-27 шілде – Арал ауданы
  • 29-30 шілде – Жалағаш ауданы
  • 30-31 шілде – Қызылорда қаласы

Тренерлер сонымен қатар «Бизнес-кеңесші» сертификатына ие кәсіпкерлер үшін «Бизнес-өсім» жобасы бойынша кәсіпкерлікті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімдік оқу өткізеді.

Сабақтар Қызылорда қаласында 13-15 шілде және 22-28 шілде аралығында өткізіледі.

Оқу соңында жобаға қатысушыларға сертификат беріледі.

Оқыту тегін.

Өтінімдер Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасында мына мекенжайда қабылданады: Әйтеке би көшесі, 28, сондай-ақ Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалар мен облыс аудандарындағы филиалдарының жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында.

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасындағы байланысушы тұлға – сервитік қолдау бөлімінің сарапшысы Жанат Матерзаева, +7 /7242/ 40-08-74.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер