«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес-кеңесші» курстары нені және қалай үйретеді

2015 жылғы 24 Маусым
12818 просмотров

Ісін бастаушы кәсіпкерлер көпшілігінің өз ісін бастауына көмектесетін әрі тегін өтетін қысқа мерзімдік оқудан өтуде.  

«Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқу барысында кәсіпкерлік міндетті айқындау, бастапқы салықтарды есептеу, жеке бизнес-жоспар құру және қорғау, топпен жұмыс жасау сияқты түрлі дағдыларды меңгеруге болады.

Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамаға ие қазақстандықтар үшін осындай оқу мүмкіндігін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Ұлттық экономика министрлігі ұсынып отырғанын еске саламыз.

Қазақстанның әрбір ірі қаласында жыл өткен сайын мыңдаған ісін бастаушы кәсіпкер көпшілігінің ісін бастауына көмектесетін, тегін негіздегі қысқа мерзімдік оқудан өтеді.

«Бизнес-кеңесші» жобасының танымалдығы серпінмен өсіп келе жатқанына таңқалуға болмайды. Оқудан өте отырып, осыған көзім жетті (автор Жанар Бiрлiкқызы). Оқуға кез келген тілек білдіруші өтінім бере алатынын атап өту керек. Алайда шақыру кезегі бірден келмейді. Мен бір жарым ай күттім, бірақ күткеніме қарай нәтиже де болды.

Оқудан өткен екі күн екі сағаттай өте шықты. Бұл соншалықты мазмұнды, танымдық, бастысы пайдалы күндер болды. Бұл жерде бізбен жұмыс жасаған бизнес-тренер Қайрат Құсайыновтың тұлғасы да үлкен роль ойнады. Ол кәсіпкерлік теориясымен бөлісіп қана қоймай, практикамен таныстырды, кәсіпкерлік өмірдің жағымды жақтарынан ғана емес, жағымсыз тұстардан да мысалдар келтірді, оқыту кезінде әрбір тыңдаушы ашыла алатындай жағдай жасады. Мен үшін кәсіпкер әріптестеріммен танысу бағалы болды. Олардың 90%-ы жеке іс ашуды енді жоспарлап жүргендер. Жас шамалары да әртүрлі болды. Кәсіпкерлік тәжірибе де түрліше. Біреулер жеке іс ашуды енді ғана ойға алып жүр. Басқалары (олардың саны аз болды) оқуға бизнесін кеңейту мақсатында келіпті.

Оқудан өткені туралы сертификат алған «Бизнес-Кеңесші» тыңдаушылары бизнесі үшін гранттарға, жеңілдікті кредиттерден үміттене алатынын еске саламыз. Ең жас тыңдаушының жасы 19-да екен, ал тобымыздағы ең ересегіміз 77 жастағы Нығмет ата болды. Ол жетім балалар үшін демалыс үйін салуды арман ететінін, сондықтан да инвестицияларды белсене іздестіріп жүргенін айтып берді. Жинақы, үнемі жымиып жүретін әрі кеңес беруге дайын тұратын Нығмет ата бірден көпшіліктің ықыласына бөленді. Оның ұялы телефонының ешқашан үнсіз жатпағаны да қызық көрінді.

Бизнес-жобаларды құруда табысты ғана ойлай бермей, тәуекелдерді де болжай алудың маңыздылығын ойға сіңіргені де ұнады. Оның үстіне практикалық тапсырмалардың бірі істі дамыту үшін күшті қырлары мен мүмкіндіктерін ғана емес, әлсіз жақтарды көрсете отырып, тәуекелді болжауды көрсетіп, SWOT-талдау жасау болды. Бұл жұмысты ақылдаса отырып, бизнес-кеңесшілер ретінде тындырдық. Процестің шабыттандырғаны соншалықты, көпті көрген жолдастарымыздың берген бизнес-кеңестері аса орынды әрі құнды болып, көпшілігі өз жобаларын, бизнес-тренер ұсынғандай, теорияда ғана емес, шынайы өмірде іске асыруға дайын болды.

«Бизнес-Кеңесші» сертификатының кәсіпкерлер үшін қаржылай қолдау алуға мүмкіндік беретінін айтып кеткен едім. Мысалы, қайтарымсыз гранттар мөлшері үш миллионға дейін жетуі мүмкін. Сонымен бірге Қазақстан үкіметінің қаулысында айтылған ережелер де бар. Ол туралы келесі материалда айтып беремін.

Оқу бағдарламасымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер