«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлеуметтік кәсіпкерлік. Ондай да бар

2015 жылғы 23 Маусым
22100 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөнінде өткен Республикалық конференция матриалдарының жинағын басып шығарды

Әлеуметтік кәсіпкерлік – экономиканың таяуда ғана пайда болған секторы. Аталмыш саланың негізгі анықтамасы төңірегіндегі даулар әлі күнге дейін тыншымай отыр. Әлеуметтік кәсіпкерлікті не коммерциялық, не коммерциялық емес салаға жатқызуға тырысуда. Алайда Ұлттық палата сарапшылары әлеуметтік кәсіпкерлік профиттік және нон-профиттік секторлар элементіне ие бола отырып, өзінің жеке заңдарымен тіршілік етіп, дамып жатқанын пайымдайды.

Бизнестің мақсаты табыс көру екені жалпыға белгілі. Ол нарық қатысушыларының мінез-құлық түрткісі мен логикасын айқындап береді. 

Алайда коммерциялық емес сектордың негізгі міндеті – бұл барынша жоғары әлеуметтік әсерге қол жеткізу, қоғамдық маңызды түйткілдерді шешу. Сәйкесінше, бұл ортадағы жүріс-тұрыс логикасы, шешім қабылдау механизмі, табыстылық критерийлері және басқалары белгіленген түрткіге сәйкес құрылады.

Коммерциялық саладан да, комерциялық емес саладан да бөлек жатқан жаңа кеңістікте де орын алып отырғаны осы. Профиттік және нон-профиттік секторларда әрекет етуші тұлғалар осы жерден табылады, бірақ олардың өз мақсаттары, құндылықтар жүйесі, өзара байланыс, жүріс-тұрыс логикасы мен мотивациясы бар. Қоғамдық пайда мен қоғамдық маңызды түйткілдерді шешуге бағытталған өзіндік қарым-қатынас жүйесі бар. Әлеуметтік кәсіпкерлік – дәл осы ортаның өнімі.

Негізгі түйткіл даму бағдарламасын қалайша қалыптастыру керектігін түсіну үшін, аталмыш ұғымға дәл анықтама беруде болып отыр.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік» дегеніміз не? «Әлеуметтік» терминіне анықтама беру салыстырмалы түрде оңай. Бірақ, әрине, тұлғаның ба, әлде қоғамның мүддесі маңыздырақ па, не болмаса, экономиканың дамуы ма, әлде қоғамның басқа қажеттіліктері артық па, деп дауласуға болады, - алайда жалпы «әлеуметтік» ұғымының мағынасына қатысты айтарлықтай келіспеушіліктер жоқ. «Кәсіпкерлік» ұғымының жалпыға белгілі анықтамасын табу басқа дүние.

Кәсіпкерлікке әлемдік тәжірибеде көпшілік мақұлдаған анықтаманы табу біршама қиын болғандықтан, - кәсіпкерліктің өзі де – көп қырлы күрделендірілген процесс, - «әлеуметтік кәсіпкерлік» терминіне бір мағыналы анықтама беру де айтарлықтай қиындық тудырады.

  • Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл экономикалық тиімділікке қол жеткізу мен кәсіпкерлік жаңашылдықты әлеуметтік миссиямен біріктіретін әлеуметтік қызметті жүзеге асыру тәсілі.

Бұл жерде әлеуметтік кәсіпкерліктің негіз қалаушы белгілері туындайды:

  • Әлеуметтік миссияның коммерция алдындағы біріншілігі;
  • тұрақты коммерциялық әсер (өзін өзі ақтау және бәсекеге қабілеттілік);
  • Әлеуметтік және экономикалық ресурстармен қисындастырудағы жаңашылдық;

Ел экономикасы үшін әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы несімен пайдалы?

Әлеуметтік кәсіпкерлердің әлеуметтік түйткілдерді шеше отырып, жаңа немесе бұрын тартылмаған ресурстарды іздеуімен. Бұл мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін, не болмаса жалғыз басты аналар үшін арнайы жұмыс орындарын құру түйткілдерін шешу болуы мүмкін. Не болмаса қоршаған ортаны ластаумен байланысты түйткілдер. Әлеуметтік түйткілдер жетіп артылады, ал әлеуметтік кәсіпкерлер оларды шеше отырып, елдің жиынтық экономикалық тиімділігін көтереді, өйткені бұрын қолданылмаған ресурстарды экономикалық айналымға енгізеді.

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Республикалық конференция материалдарымен мына жерде танысуға болады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер