Ұлттық қордың ақшасы неге игерілмей жатыр?
Өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыруға бөлінген Ұлттық қор қаражаты игерілмей жатыр
ӨКП, әкімдіктер, «Даму» қоры және ҚДБ өкілдерінің қатысуымен өткен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық жиналысында аталмыш деректің себебін анықтауға талпыныс жасалды.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева атап өткендей, бірқатар өңірлерде өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыруға бөлінген Ұлттық қор қаражатын игеру жөнінен белсенділіктің төмендігі байқалуда.
«Мысалы, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қарыз алу мөлшері жоққа тән, бұл көптеген сауалдарды тудырады», - деді «Атамекен» ҰКП басшысының орынбасары.
Қызылорда облысы ӨКП өкілдерінің айтуынша, Ұлттық қор қаражатын игермеудің себебі өңдеу өнеркәсібі айтарлықтай әлсіз дамып жатқанда, негізінен сауда және қызмет саласы дамып кеткен өңір ерекшелігі болып табылады.
Алайда Юлия Якупбаева былтырғы жылы ғана облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың мәселенің кәсіпорындар мен өңір ерекшелігінде емес, банктердің бизнесті қажет бағдарлама бойынша кредиттемейтіндігінде деп мәлімдегенін алға тартты.
Кәсіпкерлік басқармасы өкілінің айтуынша, бизнесмендерде кепілдіктік қамсыздандыру бойынша түйткілдер бар. Олар кейде бағдарлама мәнін түсінбей де жатады. Олар үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы біршама ыңғайлы әрі тартымды болып табылады.
ҰКП басшысының орынбасары атап өткендей, егер кәсіпкерлерге қысым жасау деректері орын алып, олар осының салдарынан Ұлтық қордан қаражат алудан қауіптеніп отырған болса, оларды хабарлау керек. Юлия Якупбаеваның айтуынша, Бас прокуратура, құқық қорғау органдары шарттарға қосымшалар енгізе отырып, Ұлттық қор қаражатының бөлінуіне бақылау мен мониторингті күшейтуде.
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері де белсенділік танытып жатқан жоқ. Онда да 2 және 3 транш бойынша қаражатты әлсіз игеру байқалады. Бұл кәсіпкерлердің осы бағдарлама туралы хабардарлығына қарамастан, орын алып отыр. Түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп тұрады. Мысалы, БҚО-да екінші транш бойынша 2 жоба жүзеге асырылған, ал биылғы жылы 14 болып отыр. Дей тұрғанмен, өңірге бөлінген Ұлттық қор қаражаты игерілмей қалған. Мұнда да бизнесмендер «БЖК-2020» бағдарламасын тәуір көреді.
Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жағдай да осыған ұқсас.
Дегенмен, СҚО өкілдері айтып өткендей, көбінесе кәсіпкерлік субъектілерінің мүмкіндіктерін шектейтін банктердің кепілдік саясаты себеп болып табылады. Кейде облыс орталығынан 100 шақырымда жатқан кәсіпкерлердің аумақтық қашықтығы да кедергі болып табылады. Сонымен қатар банктердің клиенттерді өзіне «таңып» қоятын кездері де кездеседі, сонымен қоса кәсіпкерҰлттық қор қаражатынан кредиттеуге өтінім берген кезде біршама жоғары пайыздық мөлшерлемемен өз қаражаттарын ұсынады. Шартта қатаң талаптар да айтылады, сонымен бірге әрекеттегі бағдарлама аясында басқа банктерде қаржыландырудың мүмкін еместігі.
Юлия Якупбаева жиналыс жұмысына қорытынды жасай отырып, Ұлттық қордан қаражат бөлу және оны игеру мәселелерінде абай болуға шақырды. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша, қазір талқылаулар жүргізілуде, банк басшыларының үстінен де, кәсіпорындар үстінен де қылмыстық істер қозғалып жатыр.
Мәлімет үшін: Өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыруға қатысты «Даму» КДҚ» АҚ деректері бойынша, банктер 40 миллиард 639 миллион теңге сомасына немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінен 81%-ға 227 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде 20 млрд. 752 млн. теңге немесе іс жүзінде игерілген сомадан 51% сомаға инвестициялық жоба қаржыландырылған. Айналымдық қаражатты толықтыру мақсатында жобалар 19 млрд. 887 млн. теңге немесе іс жүзінде игерілген сомадан 49% сомасына қаржыландырылған.
Екінші бағыт – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арқылы (50 млрд. теңге) ірі кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру бойынша іс жүзінде 14 млрд. 821 млн. теңге немесе бөлінген қаражаттың жалпы сомасынан 30% сомаға 17 жоба қаржыландырылған.
Аудандар қимасындағы «Даму» КДҚ АҚ арқылы бөлінген қаражатты ескеретін болсақ, онда игерілген жобалардың ең жоғары сомалары: ОҚО-да (2 031 млн.теңге сомаға 10 жоба), Қарағанды облысында (1 601 млн.теңге сомасына 7 жоба), Ақтөбе облысында (939 млн.теңге сомасына 8 жоба), Алматы қаласында (916 млн. теңге сомасына 10 жоба) және Алматы облысында (879 млн. теңге сомасына 8 жоба). Қызылорда облысында қаржыландырылған жобалар жоқ.
Салалық қимада қаржыландырылған жобалар бойынша ең үлкен үлесті бейметалдық минералдық өнім өндіру (2 369 млн. теңге сомасына 24 жоба), тамақ өнеркәсібі (2 352 млн.теңге сомасына 24 жоба), металлургия және машина жасау (1 521 млн. теңге сомасына 18 жоба) өндірістері алады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: