«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Президент жарлығы – бизнес үшін революциялық шешім

2014 жылғы 28 Ақпан
9830 просмотров

«Президент жарлығы – революциялық шешім деп атауға болады», - деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Шектеу орта және шағын бизнес үшін революциялық шешім. Жарлық кәсіпкерлік саласындағы жағдайды түбегейлі түрде өзгертеді», - деді А. Мырзахметов. Оның айтуынша, шектеу кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыра түседі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 2- сәуірінен 2015- жылдың 1- қаңтарына дейін орта және шағын бизнес субъектілерін тексеруге шектеу қою туралы Жарлыққа қол қойды. «2015 жылдың 1қаңтарынан шыққан Жарлыққа сәйкес, 2- сәуірден бастап мен орта және шағын бизнес субъектілерінде тексеру жүргізуге шектеу жариялаймын. Үкіметке қазақстандықтардың бизнес жүргізуіне қолайлы жағдай туғызу үшін бірнеше нақты шара қабылдауын тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, жоспарлы тексерулерге тыйым салынады. «Мемлекеттік органдар менің әкімшілігіммен біріге отырып, әлемдік стандарттарға сәйкес, объективті түрде тексерілудің жүйесі белгіленбек. Осы жүйеге сәйкес, 2015-жылдың 1- қаңтарынан бастап, заңдарды өрескел бұзған кәсіпкерлер ғана тексеруге ілігеді. Егер кәсіпкер заңды бұзбай, талаптарға сәйкес жұмыс істесе, тексеруші органдар оларды мазаламауға тиіс»,- деп мәлімдеді Н.Назарбаев. Оның айтуынша, тексеру форматтарының түбегейлі түрде өзгеріске ұшырауы, кәсіпкерлерге қойылатын талаптың жалпы мөлшерін 30 пайызға қысқартады. Осыған сәйкес, Үкімет тексеру регламенттерін өзгертулері шарт. Сондай-ақ, тексеруге балама болатындай, үшінші тұлғаларға ерікті қамсыздандыру мәселесі заңды түрде бекітілуі тиіс. Назарбаевтың мәліметінше, 2015–жылдың 1- қаңтарынан бастап орта және шағын бизнес субъектісінің қызметін тоқтату үшін де біршама жеңілдік енгізбек. Елдегі жүргізілетін тексерудің үштен бір бөлігі осы бизнес субъектісінің тоқтатылуына байланысты жүргізіледі екен. Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, Бас Прокуратура Ұлттық кәсіпкерлер Палатасына  бизнеске қатысты тексеру туралы ақпарларды ұсынып отырады . Бұл – тексеру органдарының әділ әрі ашық жұмыс істеуіне ықпал етеді. Рұқсат беру автоматизациясы аяқталып, 140 түрі электронды форматқа өтеді. Сондай-ақ, құрылыс саласын реттеу үдерістері  жеңілдетіледі. «Жер учаскелерін мақсатты түрде пайдалануға беру, инженерлік жүйеге қосу, құрылыс жүргізуге рұқсат беру талаптарын 50 пайызға қысқарту жөнінде Үкіметке нақты тапсырмалар берілді. 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап жер учаскесін алу туралы құжаттандыру 30 күн ішінде рәсімделуі тиіс», - деді Назарбаев. «2013–жылдың 1- маусымына дейін Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып,  заңдарды толық түрде тексерістен өткізуі тиіс. «Кәсіпкерлік туралы» Кодекс жобасында кәсіпкерлікті реттеу туралы заңдардың жиынтығы көрініс табуы керек. Ол әлбетте кәсіпкерлердің бизнес жүргізуіне қолайлы болуы шарт. ОЭСР елдерінде қабылданған реттеу принципі заңды түрде бекітіліп, Қазақстанда жаңа бизнес-омбдусмен институты енгізілуі керек. Бұл шаралар заңдардың өзгеруін талап етеді», - деді Мемлекет басшысы. «2014 жылдың 1-қаңтарына дейін Үкімет Парламентке «Рұқсат беру және ескерту туралы» заң жобасы, 2014 жылдың 1-қыркүйегіне дейін «Кәсіпкерлік істі дамытудың» заң жобасы, 2015  жылдың 1-қаңтарына дейін «Өзін-өзі реттеуші ұйымдар ісі жөніндегі» заң жобасын дайындауы тиіс»,- деді Н. Назарбаев. Жарлық - Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға оң ықпал етпек. Бұл - бизнес жасап отырған әрбір қазақстандыққа тікелей көмек екендігін баса айтты Мемлекет басшысы. Кәсіпкерлер ісінің алға жылжуына мүмкіндік жасау мемлекеттің басты назарында болмақ. Бұл - қазақ елінің дамыған 30 елдің қатарына қосылуы үшін жасалған тағы бір қадам. Бұл шара және кәсіпкерлерліктің дамуына мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаржы экономикамыздың өсуіне жаңа серпін беріп, барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалы оңаларына және қосымша жұмыс орындары ашылуына мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер