«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық бизнес үшін шынайы көмек

2015 жылғы 18 Маусым
17556 просмотров

Ауылдық кәсіпкерлерді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кредиттейді

Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арасында кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі Келісімге қол қою барысында белгілі болды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев айтып өткендей, бүгінде ауылдағы кәсіпкерлерді қолдаудың танымал және әсерлі құралдарының бірі Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры желісі бойынша кредиттеу болып табылады. Оның айтуынша, әрбір ауданда, моноқала мен ауылда құрылған Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында ауыл шаруашылығын кредиттеумен айналысатын қор бағдарламалары барынша қолжетімді болады.

«Аталмыш келісім осы жеңілдікті бағдарламаларды қолданатын адамдар санын арттыру үшін, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының құралдарына көбірек қолжетімділік, олардың барынша танымалдануы мақсатында жасалды», - деді «Атамекен» ҰКП Басқармасы Төрағасының орынбасары.

Ол сонымен қатар ауылдық кәсіпкерлердің бизнес-жоспарды өзбеттерінше құрай алмайтынын, осылайша кредит алу мерзімін созып алатынын атады. ҰКП мамандары бұл жерде көмектеседі: салық, бухгалтерлік қызметтер бойынша консультация береді. Құжаттар пакеті толық қалыптасып, Қорға жолданған соң, кредит алу процесін барынша жылдамдату үшін, ҰКП Қормен бірге өтінімнің өту мониторингін жүргізетін болады.

Нұржан Әлтаев түсіндіріп өткендей, Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында кәсіпкерлер оқытылады және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының бағдарламаларына қатысу және кредит алу жолдары түсіндіріледі. Сонымен бірге, қор қызметкерлері өңірлерде де өңірлік Палаталар мамандарын жүйелі түрде оқытатын болады.

«Қазірде кредиттеу үшін өтінімдерді электронды толтыру жүйесі белсенді енгізілуде, енді бұл КҚО-да қолжетімді болмақшы. Кәсіпкердің, ауыл шаруашылық тауар өндірушінің түсіндіру алуы үшін немесе құжат тапсыруы үшін облысқа баруы қажет болмайды.  Осыдан кейін барлық жобаларды деректер базасына кіргіземіз, ҰКП мен Қор сайтында жетістіктер тарихын ашып береміз, жұмыстың қалай істеліп жатқанын көрсетеміз, және де аудандарда өтінімдерді даярлау және қарау процедурасын барынша жеңілдетеміз», - деп түсіндірді ҰКП басшысының орынбасары.

«ҚазАгро» холдингінің басқарушы директоры Айгүл Мұхамадиева атап өткендей, холдингтің барлық еншілес компаниялары «Агробизнес -2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры бағдарламасының бір бағыты ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін көтеру болып табылады.

«Осы бағыт аясында холдингтің еншілес компаниялары – Аграрлық кредиттік корпорация, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры және ҚазАгрофинанс ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін кредиттік өнімдердің кең көлемін ұсынады. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының микрокредиттік ұйымдары арқылы аудандар, елді мекендер деңгейіне кредиттік ресурстар жеткізетін кредиттік серіктестіктерді қаржыландыру жолымен қолжетімділікті көтеруге қол жеткізіледі», - деді Айгүл Мұхамадиева.

Сондай-ақ, көбіне аграрийлердің қажет құжаттарды дайындауына уақыт болмауына орай, кредиттік өтінімдерді жинау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Бұл жүйе аграрийлердің жұмыс бөлмесінен шықпастан холдингтік кредиттік ұйымдарына өтінім беруіне мүмкіндік береді.

«ҚазАгро» өкілі хабарлағандай, Аграрлық кредиттік корпорация мен ҚазАгрофинанс «Атамекен» ҰКП-мен дәл осындай келісімдерге қол қойды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың айтуынша, бүгінде қызмет көрсетілетін клиенттер саны жөнінен Қор «ҚазАгро» холдингінің кредиттеуші компаниялары арасында бірінші орында.

«Қордың белсенді қарызгерлерінің саны 24,5 мың адамнан асып түсті, - деді Нармұхан Сарыбаев. – Біздің компания барлық облыс орталықтарында, сонымен қатар Астана, Алматы, Семей қалаларындағы филиалдар желісімен ұсынылған. Бірқатар тығыз қоныстанған облыстарда Қор менеджерлері аудан орталықтарында жұмыс жасайды».

Қор қолданатын негізгі қаржылай қор микрокредит болып табылатындықтан, оның қарызгерлерінің көпшілігі – шағын фермерлік және шаруа қожалықтары, ауылдық микробизнес өкілдері.

«Сондықтан да КҚО қызметкерлері Қор үшін құжаттар пакетін дайындайтын аудандарда тікелей консультация мен құжаттар жинауды қамтамасыз ете отырып, халықтың осы санатының кредиттік ресурстарға қолжетімділігін жақсарту маңызды, - деді Нармұхан Сарыбаев.

2014 жылы Қордың микрокредиттік бағдарламалары аясында 29,8 млрд теңге сомасына 10,1 мың микрокредит берілген. Үстіміздегі жылы әрекеттегі бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасын табады: ауылдық қарыз түрінде шамамен 30 млрд теңгені орналастыру жоспарлануда, бұл шамамен 10 мың ауылдық жобаны қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының басшысы айтып өткендей, кәсіпкерлерге «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша микрокредиттеу, «Егінжай» бағдарламасы бойынша, «Мурахаба» бағдарламасы бойынша, Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша, «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша кредиттеу сияқты бағдарламалар бойынша кредиттер беріледі. «Жылыжай» бағдарламасы бойынша кредиттеу, ауылдағы шағын және орта бизнесті кредиттеу, «Ырыс» бағдарламасы бойынша, «Сүт қабылдау орындарын құру және дамыту» бағдарламасы бойынша, тамшылай суару жүйелерін енгізу, «Эко-Даму» бағдарламасы бойынша кредиттеу сияқты қолдау құралдары әрекет етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер