«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Конверттер ашылды

2015 жылғы 17 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
16968 просмотров

СҚО Кәсіпкерлер палатасы бүгін сервистік компанияларды іріктеу жөніндегі Комиссияға келіп түскен өтінімдерді ашу процедурасын өткізді.

Сервистік компанияларды іріктеу кәсіпкерлерге кеден процедуралары, менеджмент және маркетинг мәселелері бойынша қызмет көрсету үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлікті бейқаржылық қолдау шаралары» төртінші бағытының аясында «Әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдау» құрамдасы бойынша өтіп жатқанын еске саламыз.

Конверттер ашу және қатысушыларды іріктеу процедурасы өңірде алғаш рет үзіліссіз бейнежазба жасаумен өтуде.

«Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы басқа да әріптестері сияқты былтырғы жылдан бері бизнесті бейқаржылық қолдау шараларының операторы болып келеді. Бүгін сервистік компанияларды іріктеу жөніндегі комиссия отырысында сервистік қолдауды жүзеге асыруға қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілердің конверттері ашылды. Ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету үшін аталмыш процедура үздіксіз бейнежазба режимінде өтіп жатыр», - деді СҚО КП директоры Тұрар Искаков.

Сервистік компания іріктеу бойынша байқау өткізу туралы хабарландыру үстіміздегі жылдың 2 маусымында БАҚ-қа және ҚР ҰКП сайтына орналастырылған болатын. Байқауға қатысуға өтінімдерді 16 маусым сағат 18.00 дейін беруге болды.

«Белгіленген мерзімде екі өтінім берілді. Бұл маркетинг, менеджмент мәселелерімен байланысты қызметтер бойынша «Bio Pharm Analytics» ЖШС, сондай-ақ кеден процедураларымен байланысты қызмет бойынша «Қызылжар-сараптама» ЖШС», - деп ақпарат берді сервистік компанияларды іріктеу жөніндегі комиссия хатшысы, СҚО КП бизнесті сервистік қолдау бөлімінің бастығы Александр Бердниченко.

Осыдан кейін келіп түскен мерзімдеріне сәйкес үміткерлердің өтінімдері салынған конверттерді ашу процедурасына кірісті. Өтінімдерді қарау және олар бойынша шешім шығару 18 маусымда болатын келесі отырыста өткізіледі.

Сервистік қызметтер 8 қызметтен тұрады: бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, сондай-ақ статистикалық есептілік жасау, кедендік процедуралар бойынша қызметтер, менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультация беру және күллі процесті толығымен сүйемелдеу, заңгерлік қызметтер көрсету, маркетинг мәселелрі бойынша қызметтер, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар, мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауларын пайдаланушылар сатып алуларымен байланысты қызметтер, сонымен қатар менеджмент мәселелері бойынша қызметтер.

Егер кедендік процедуралар, менеджмент және маркетинг бойынша қызметтер аутсорсингке берілсе, онда Палата қалған бес түр бойынша өзбетінше жұмыс жасайтын болады.

«Осы мақсатта қазірде аталмыш қызметтерді облыс деңгейінде де, аудандық деңгейде де көрсететін консультант-менеджерлерді қабылдау жүріп жатыр», - деп түйіндеді Тұрар Искаков.


Ұқсас жаңалықтар:

Байқау өткізілді
2 Шілде
2015
Жетісу облысы
Барынша ашықтық
25 Маусым
2015
Ақтөбе облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер