«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Клинингтік компания абыройы қалпына келтірілді

2015 жылғы 17 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
14283 просмотров

Құқықтық блок сарапшылары екі кәсіпкерлік субъектісінде туындаған келіспеушіліктерді сотқа дейінгі тәртіпте реттеуге қол жеткізді.    

«ЗЕРЕК ZEREK» ЖК басшысы Гүлмира Нысанбаева «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақтелеком» АҚ Батыс Қазақстан филиалының заңсыз әрекетіне шағымданып жүгінді. Кәсіпкер «Қазақтелеком» АҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясының атына әкімшілік және өндірістік жайларды, сондай-ақ шектес жатқан аумақтарды жинау бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарт аясында орындалған жұмыс көлемі үшін төлем жасамағаны бойынша наразылық білдірді. ҚР ҰКП тапсырмасы бойынша және даудың эксаумақтылығын ескере отырып, аталмыш өтініш БҚО өңірлік кәсіпкерлер палатасында қаралды.

БҚО КП заңгерлік блогының сарапшылары қолда бар материалдарды зерделеп шығып әрі «Қазақтелеком» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы дирекциясының өкілдерін шақыра отырып, клинингтік қызмет көрсету бойынша «ЗЕРЕК ZEREK» ЖК-мен жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындауы аясында туындаған дауды сотқа дейін реттеу үшін бар күштерін салды.

БҚО Кәсіпкерлер палатасы алаңында «Қазақтелеком» АҚ және «ЗЕРЕК ZEREK» ЖК өкілдерін шақырумен сұхбат алаңы ұйымдастырылды. Кездесу барысында тараптардың шарт бойынша міндеттемелерін тиісті түрде уақытында орындауы туралы келісуге қол жеткізілді. Сонымен қатар,  жеке кәсіпкерге іркіліссіз төлем үшін орындалған жұмыстар актілерін тапсырудың уақыттық арақашықтығы, орындалған жұмыс көлеміне құжаттар беру тұстары мен жасалған шарттың басқа да жақтары түсіндірілді.   

«ЗЕРЕК ZEREK» ЖК басшысы Тапсырыс беруші тарапынан қойылған талаптармен келісіп, жұмыс сапасы бойынша ескертулерді жоюға шаралар қолданды.

Батыс-Қазақстандық телекоммуникация дирекциясы шаруашылық бөлімінің Пайдалану орталығы бастығы Ибрахим Кінәбаевтың ойынша, қазірде клинингтік қызметтерді пайдалану өзекті, себебі бұл штатта техперсонал ұстағанға қарағанда арзанырақ.

«Шартты орындаудың басында туындаған техперсоналмен арадағы түсінбеушіліктер өз шешімін тапты, және де болашақта туындамайтынына сенімдімін», - деп атады Ибрахим Кінәбаев.

Палата «Қазақтелеком» АҚ Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының әрекетіндегі сыбайлас жемқорлық құрамдастарын болдырмау үшін, облыс прокуратурасына хат жолдады. Оны тексеру нәтижесі бойынша жемқорлық көріністері табылмай, прокуратура органдарының араласуына негіздеме белгіленбеді.

Қазірде «ЗЕРЕК-ZEREK» ЖК клинингтік қызмет көрсету шарты бойынша өз міндеттемелерін «Қазақтелеком» АҚ Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының тарапынан қандай да бір кедергісіз жүзеге асырып жүр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер