«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шипажай бизнесі

2015 жылғы 17 Маусым
- Ақмола облысы
11983 просмотров

Ақмола облысында қызмет етіп жүрген кәсіпкерлердің жаңа салаларды игеру тенденциясы артып келеді.

Бурабай ауданының кәсіпкері Ольга Артемьева жаңа іспен айналысуға бел буды. 90 жылдары жолдасымен бірге өз ақшаларына дүкен тұрғызып, сауданы бастап кетеді. Іс қызу жүрді. Кейін банктердің бірінен кредит алып, қаражатты бизнестерін кеңейтуге салады да, екінші қабатты тұрғызады. Шипажайлы аудандағы өмір Ольга Артемьеваның өз ісін әртараптандыруға шешім қабылдауына алып келді.

«Жыл өткен сайын Бурабайға келетін туристер ағыны артып келеді, сонымен бірге бизнес үшін де әлеует ұлғаюда. Экскурсиялық тасымалдаулармен айналысуды жөн деп таптым. Бұл идея отбасыммен демалысқа барғанда туды», - дейді Ольга Артемьева.

Кәсіпкерлер палатасы Бурабай ауданы филиалының сарапшылары осы жылдың наурыз айында бизнесвуменге консультация беріп, «Кәсіпкер» мемлекеттік бағдарламасын пайдалануға кеңес береді. Сонда Ольга Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорына жүгінеді де, бір айдан соң 18 орындық микроавтобус сатып алуға 5 миллион теңге мөлшерінде қарыздық қаражат алады. Палатаның аудандық филиалы қызметкерлері консультация беріп қана қоймай, делдал ролін атқарғанын айта кету керек. Кәсіпкер қарыз беруші-қаржы институтының өкілдерімен тіл табыса алмаған. Мәселелер шешілді, ал Ольга Артемьева қазір өзі үшін жаңа бизнесті ұйымдастырумен айналысуда.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер