«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нарық қажеттіліктерін ескеру

2015 жылғы 17 Маусым
- Жетісу облысы
13703 просмотров

ӨКП директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Алмагүл Оңғарбаева кадрларды даярлау бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруда бизнестің пікірі ескерілуге тиіс деп есептейді.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кадрларды даярлау мәселесіне арналған отырысында сөз ала отырып ӨКП басшысының орынбасары колледждерде мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелеріне назар аударды.

Алмагүл Оңғарбаеваның айтуынша, қазірде таңдалған кәсіп бойынша абитуриенттерді оқу орнына қабылдау нормаларын реттейтін екі нормативтік-құқықтық акт бар.

«Яғни колледждердегі қабылдау комиссиялары жұмысты мемлекеттік тапсырыс бөлінгеннен бұрын бастайды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс қалыптастыру жөніндегі комиссия мүшесі болып табылады. Комиссия құрамына сонымен қатар бизнестің 3 өкілі қосылған. Бірақ 2015-2016 оқу жылына арналған комиссия отырысы әлі өткен жоқ, дегенмен 1 маусымнан бастап колледждердегі қабылдау комиссиялары жұмыстарын бастады, ал 20 маусымнан бастап құжаттар қабылданатын болады. Осы тұрғыдан сәйкессіздік былтырғы жылы байқалып, комиссия отырысы талапкерлерді қабылдау аяқталған тамыз айында өткізілген еді», - деп түсіндірді ӨКП директорының орынбасары.  

Алмагүл Оңғарбаева сонымен қатар Алматы облысында кадрларды даярлау бойынша Өңірлік кеңес құрамына бизнес өкілдері кірмейтініне де назар аударды, және де бұл бағыттағы жұмыс әлі де бір орыннан қозғалған жоқ. Дей тұрғанмен, Палата өкілінің ойынша,  түйткілдер мен кадрлар мәселелерін шешуде мемлекеттік органдар мен бизнестің әрекеттестігі біршама тиімді де әсерлі болар еді, себебі қандай кадрлардың қажеттігі бизнеске белгілі.  

ӨКП директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарының айтуынша, кәсіп таңдау және оқушы үшін бастау нүктесі  ретінде маңызды аспект болып табылатын мектептердегі кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыру да біршама түйткілді мәселе.

«Бүгінде түлектер жұмыс кәсіптеріне баруға құлықсыз, сондықтан да колледждер еңбек нарығында талап етілетіндерге емес, беделді мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырысқа өтінім беруге мәжбүр. Нәтижесінде жұмыс беруші зардап шегеді. Жұмысшы мамандығын дәріптеу ғана жағдайды түзете алады, сондықтан да осы бағыттағы жұмыс әдістерінің бірі мектептерде кәсіби бағдар кабинеттерін ұйымдастыру болып табылады», - деп түйіндеді Алмагүл Оңғарбаева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер