«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауылдағы әйелдер бизнесі

2015 жылғы 16 Маусым
- Ақмола облысы
14587 просмотров

Ақмола облысы Шортанды ауданында ӨКП қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» басында әйелдер бизнесінің түйткілдері мен келешегі талқыланды.

Қазақстанның Кәсіпкер әйелдер одағы ұйымдастырған іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекованың төрағалығымен, «Әйелдердің экономикалық тұрғыдан өркендеуі – бәсекеге қабілетті әлемге бастар жол!» деген ұранмен өтті. Мәжілісвумен атап өткендей, бүгінде шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан теңдессіз қолдау шаралары ұсынылуда. Экономиканың дәл осы сараланымында кәсіпкер әйелдер көптеп тартылған.

Өз ісін бастағысы келетін әйелдер үшін мемлекеттік қолдау құралдары туралы жеткілікті деңгейде білмеу, қажет білімнің жоқтығы көбіне кедергі болып жатады.

Іс-шараға қатысушылар атап өткендей, бұл кемшіліктің орнын толтыруда біршама жас болса да өзін танытып үлгерген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы айтарлықтай роль ойнайды. Еліміздің өңірлерінде биыл Іскер әйелдер кеңесі өз қызметін бастады.

«Ақмола облысында бүгінгі таңда әйелдер кәсіпкерлігі толық көлемде дамымаған, - деп есептейді Ақмола облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Әмина Әділбекова. – Әйелдер бастамаларын дамыту үшін бар күшімізді салмақшымыз. Облыс аудандарының бірінде алғашқы көшпелі отырыс өткізуді жоспарлап жүрміз. Іскер әйелдер кеңесінің Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылғанын ескере отырып, Палатаның аудандық филиалдары директорларымен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Өз ісін ашқысы келетін әйелдерді анықтап, оларға жәрдем көрсетеміз». Дөңгелек үстелге қатысушылардың пайымынша, бүгінде ауылға көңіл бөлу қажет. Шортанды ауданында 1700 шағын және орта бизнес субъектісі бар, оның 35%-н әйелдер кәсіпкерлігі алады.

Дөңгелек үстел барысында іс-шараға қатысушылар үшін ауылдағы бизнесті өркендету үшін қаржы құралдары мен қызметкерлерді басқару дағдыларын дамытуға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар дәріханалар желісі, «Меруерт» қонақ үйі, «Риза» стоматологиялық клиникасы сияқты бірқатар ШОБ кәсіпорындарында болып қайтты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер