«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елімізді жиһаздандырамыз!

2015 жылғы 15 Маусым
- Алматы қаласы
15341 просмотров

«Жиһаз саласын дамыту қажет. Әйтпесе өмір-бақи шикізат шылауы болып өтуге тура келеді»

Қазақстанда орман өнеркәсіптік шаруашылық кешені нарығы соңғы жылдары қиындық көруде. Өндіріс құлдырауы жүріп жатыр. Салық салудың икемді жүйесі жоқ. Бұл туралы ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының Президенті, ҰКП Төралқасы Өңдеу өнеркәсібі комитетінің Төрағасы Михаил Глухов сала өкілдерінің ашық отырысында хабарлады.

«Саланы дамыту қажет. Әйтпесе шикізат шылауы ролін алуға тура келеді», – деді Михаил Глухов.

«ДСП-Центр» компаниясының құрылтайшысы Ержан Садықов саланың соңғы жылдардағы жеке өндіріс және импорт арақатынасындағы статистикасына көңіл аудару керек деп есептейді.

«Ресми деректер бойынша, нарық көлемі миллиард доллардан асып жығылады. Оның ішінде шамамен 30% ғана қазақстандық өндірістікі, қалғанының бәрі - импорт. Ал мұндай статистика біздің көңілімізден шықпайды. Сонда өз үйімізде бұрыштан ғана орын алып отырған боп шығамыз, ал қалғаны - импорт», - деп атады Ержан Садықов

Ержан Садықов айтып өткендей, саланы көтеру үшін негіз салушы құжат – мемлекеттік салалық Жиһаз және ағаш өңдеу саласын дамыту бағдарламасы қажет.

«Салалық ұстанымды қабылдау қажет. Себебі әрбір саланың өзіндік ерекшелігі бар. Олардың әрқайсысы – тірі ағза.  Нақты әрі объективті талдау қажет. Өсу жоспары мен стратегиясы қажет, және де бір жылға ғана емес – онжылдықтарға. Ол бизнесіміздің дамуына іргетас боп қалануға тиіс», - деп баса көрсетті «ДСП-Центр» компаниясының құрылтайшысы.

Ол сонымен бірге жиһаз саласының дамуына әсерін тигізіп жатқан жағымды тұстар жайлы да хабардар етті.

«Соңғы жылдары қаржыландыру құралдарының пайда болғаны жақсы болды: өздеріңізге жақсы таныс мемлекеттік бағдарламалар – «Бизнестің жол картасы», «Өнімділік 2020» және көптеген басқалары. Біздің көптеген кәсіпкерлер оларды пайдаланып қалды», - деп баса айтты Ержан Садықов.

ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшылығының хатшысы Нұрлан Сақуов Қауымдастықтың мұндай кездесулерді бірінші жыл өткізіп отырмағанын атады.

«Бұл ағаш өнеркәсібі бизнесін ілгеріде де дамыту үшін жақсы алаң және керемет нарықтық құрал», - деді Нұрлан Сақуов.

ҰКП мен Комитеттің өзі ағаш өнеркәсібі саласында орын алып отырған көптеген қиындықтарға қарамастан, кәсіпкерлерге көмектесуге арналған бірнеше бағыттар бойынша жұмыс жасауда.

«Саланың барлық түйткілдері ұзақ жылдар бойы жинақталып келді және мерзімінде шешілмеді. Ұлттық палата бұған қарамастан салалық қауымдастықтармен бірге бизнесті, соның ішінде жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларындағы бизнесті дамытпақшы», - дейді Нұрлан Сақуов.

Ол кәсіпкерлерге Сыртқы сауда палатасы, «ҚИДИ» АҚ және «KAZNEX INVEST» АҚ ұсынып отырған инвестициялар және экспорт құралдарын белсенді қолдануды ұсынды.

ҰКП мен Қауымдастық ұзақ мерзімдік келешекте отандық нарықтағы қазақстандық жиһаз өнімінің үлесін 50 пайызға дейін арттыруды және нығайтуды, және де нарықтың ішкі сыйымдылығының көлемінен алғанда отандық жиһаз өнімін сыртқа экспорттауды 10 пайызға ұлғайтуды қажет деген ойды құптап отыр.

«Күш біріктіре отырып ағаш өңдеу өнеркәсібі мен жиһаз өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін басымдылықты экономика салалары тізіміне кіргізуге қол жеткізілді. Қазір саланың ішкі мазмұнын өсіру жағынан жұмыс жасап жатырмыз. Ірі ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың жиһаздар мен ағаштан жасалатын бұйымдарды сатып алу кезінде жергілікті мазмұн үлесін ұлғайтуы қажет. Біз үшін кадрлық әлеует те маңызды.  Сондықтан да ҰКП дуалды білім беруді дамытып жатыр», - деді Нұрлан Сақуов.

Отырыс «Орман және ағаш өңдеу» және «Жиһаз және интерьер» Қазақстандық халықаралық көрме аясында өтті. Көрмелер ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсірпорындары қауымдастығы қолдауымен өтіп жатыр.

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Юрий Тілеумұратов та қатысты. Ол өз сөзінде отандық жиһаз нарығын дамытудағы шағын және орта бизнестің маңызды ролін атады және іс-шараға қатысушыларға тиімді жұмыс пен келешегі бар әріптестік тіледі.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер