«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бағам айырмашылығы мәселесі шешілді!

2015 жылғы 15 Маусым
8859 просмотров

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің ең ауыртпалықты мәселесін шешті

Бизнес дабыл қағады! Салық органдары тексерістер барысында салық салынатын база бойынша шегерімдерден жыл бойында төлемдер жүргізілмеген немесе басқа да шаруашылық операциялар жасалмаған шетелдік валютадағы міндеттемелер бойынша 2009-2010 жылдардағы кері бағамдық айырмашылық салдарынан қалыптасқан кәсіпкерлердің шығындарын алып тастамайды.

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастықтың ерекше алаңдаушылығын тудырған осы мәселені бірнеше мәрте көтерді және салықшылардың әрекетін заңсыз деп есептейді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталмыш мәселені реттеу мақсатында оны салық салу мәселелері бойынша Консультациялық кеңесте қарауды ұсынды.

2015 жылғы 11 маусымда салық салу мәселелері бойынша Консультациялық кеңес отырысында Ұлттық палатаның 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 57 бабы 4 тармағының екінші абзацын алып тастау туралы ұсынысы мақұлданды (ретроспективті түрде).

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне «Заңнамалық актілерге салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасына ұсынылған өзгертуді кіргізу мүмкіндігін қарау тапсырылды.

Және де соңғы бес жылда бизнеске ауыртпалық түсірген түйткіл өз шешімін табуы мүмкін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер