«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Алтын Сапа» - табысқа бастар жол

2015 жылғы 12 Маусым
9804 просмотров

Кәсіпкерлерге «Алтын сапа» байқауына қатысу критерийлері жайлы айтылды

«Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін байқау және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің бағалау критерийлері бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің директоры Салтанат Әбдікәрімова хабарлағандай, іс-шара биылғы жылы «Алтын сапа» байқауына және «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысуға өтінім беруді жоспарлап жүрген кәсіпорындар өкілдері мен сарапшылары үшін тегін негізде өткізіледі.

«Семинар форматы байқауға қатысуға тілек білдірген ұйымдар қызметінің өз-өзіне баға беруіне консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуді, оларды өткізу тәртібі мен ережесін түсіндіруді,  Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) үлгісін зерттеп білуді көздейді», - деп атады Салтанат Әбдікәрімова.

Оқытуды «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауарына» қатысушылар материалдарын қарау және бағалау Комиссиясында жұмыс тәжірибесі бар менеджмент жүйесі сарапшы-аудиторлары өткізеді.

Оқыту семинарларының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталады. Мұндай семинарлар Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізіледі.

Мемлекет басшысының 2015 жылғы 1 қаңтардағы Жарлығына сәйкес «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Алтын сапа» президент сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының ұйымдастырушысы болып табылатынын еске саламыз.

Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын тапсыру жылдың басты оқиғасы болып табылады. Сыйлықты Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев табыстайды. Бұл байқаудың еліміз үшін үлкен маңызы бар екенін білдіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер