«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын бизнес қорғауды сұрайды

2015 жылғы 08 Маусым
8664 просмотров

Бизнесте төмендеу тенденциясы байқалады. Оны қалай жеңіп шығуға болады?

Алматыда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің жұмыс жиналысы өтті.

Отырыс басында комитет төрағасы, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» Қауымдастығының басшысы Райымбек Баталов шағын және орта бизнесте белсенділіктің төмендеуі және тіпті бизнес жабылауы бойынша тренд байқалып отырғанын атады. Егер тек статистикалық деректерге сүйенер болсақ, онда 2015 жылғы 1 сәуірге дейін тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны елімізде 1 547 665 бірлікті құраған, және де бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 24 462 (немесе 1,6%) төмен. Райымбек Баталовтың ойынша, мұндай жағдай агрессивті фискалдық саясат нәтижесінде қалыптасқан.

«Бюджетке салық түсуі бизнес дамуының есебінен емес, әкімшілік ету есебінен артты. Бір шара қолдану керек. Үкіметпен бірге жұмыс тобын құруды және салық реформасымен жұмыс жасауды ұсынамын. Қалыптасқан жағдайды түзету үшін, күш біріктіру қажет», - деді Комитет Төрағасы.

Алайда, оның ойынша, істің шынайы ахуалын анықтау үшін, қазақстандық бизнестің жай-күйіне салмақты зерттеу жүргізілуге тиіс.

Райымбек Баталов ШОБ өкілдері үшін әкімшілік кедергілер түйткілдерінің бұрынғыша өзекті екенін және бұл жерде де салмақты жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.

«Әрине, Палата әкімшілік кедергілерді жою үшін көп іс тындырып жүр. Дегенмен бұл мемлекеттің мәселесі. Алайда осы бағыттағы жұмысты жалғастыруымыз қажет», - деп ол баса көрсетті.

Комитет басшысы сервистік қызмет көрсету мәселесіне тоқталды. «Биылғы жылы сервистік саясатты аяқтап бітіруіміз керек, инфрақұрылым құруымыз қажет. Қандай да бір тренингтер өткізіп, мамандар бизнес өкілдеріне білікті қызметтер бере алуы үшін, оларды оқыту қажет», - деді Райымбек Баталов.

Ол сонымен қатар Комитет мүшелерінің назарын ҰКП-ның өңірлермен жұмыс жасау жолдарына аударды. Палата ролінің қандай екенін, Өңірлік палаталар мен салалық Қауымдастықтар ролін анықтап алу қажет. Райымбек Баталовтың ойынша, орталықсыздандыруға деген қажеттілік пісіп-жетілді. «Комитеттерді емес, қауымдастықтарды көбейту қажет, себебі негізінде туындаған түйткілдерді шешетіндер солар», - деді Райымбек Баталов.

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева Палатаның негізгі міндеті бизнеске деген қысымды төмендету екенін атай отырып, бұл идеяға қолдау көрсетті. «Айтылған идеялардың барлығы талданады, осыдан соң біз олармен қоғамдық тыңдауларға шығамыз», - деді Гүлнар Құрбанбаева.

Комитет Төрағасы сонымен бірге өңірлік салалық қауымдастықтар біліктілігінің әлсіздігін атады. Олардың күшеюі үшін, оның ойынша, аталмыш ұйымдардың ресурстары аса шектеулі болғандықтан, арнайы саясат дайындап, жүзеге асыру қажет.

«Қазақстан Республикасы Күзет ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ президенті Анатолий Калинин өз кезегінде ҰКП мамандарының детективтік қызмет жайлы заңнаманы дайындауға қосылып, кәсіпкерліктің осы түрінің мүддесін қорғап қалуын сұрады.

Ал «Республикалық қайталама  металлургия салалық қауымдастығы» ЗТБ президенті Владимир Лик ұйымның Палата қанатының астына осы саладағы ахуалды түзетіп, орын алған түйткілдері шешіледі деген үмітте кіргенін атады. Өкінішке орай, олай болмады…

«Салалық қауымдастықтарға, жергілікті жерде мәселелерді шешу үшін, қандай да бір уәкілеттіктер беру керек. Әзірше олай емес, сондықтан да түрлі тыйымдармен аяқтан шалады. Мемлекетке де, ешкімге де сенбейміз», - деді ол.

Владимир Ликтің айтуынша, күшейіп кеткен салық ауыртпалығы көптеген кәсіпкерлерді күйреу шегіне жеткізді. Ол тіпті өз кәсіпорнын жабуға мәжбүр болған.

«Мемлекеттік табыс комитеті металл бағасын Лондон биржасындағы металл бағасымен салыстырады, және де осыған қарай бізге шамадан артық салықтар салады. Бізде мұндай баға тіпті болмайды да!», - деп назаланды қайталама металлургия қауымдастығының басшысы.

Елдегі бизнес-климатты жақсартуға арналған басқа да ұсыныстар айтылды. Гүлнар Құрбанбаева отырысқа қорытынды жасай отырып, Палатаның ШОБ ахуалын зерттеуге биылдан бастап кірісетініне және үкімет үшін өз ұсыныстарын жасайтынына уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер