«Алтын сапа»: бағалау критерийлері
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауында қабылданған бағалау критерийлері бойынша бірқатар оқыту семинарларын өткізуді жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін байқау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын және республикалық көрме-байқауды түкіндіру мақсатында байқауларды бағалау критерийлері бойынша оқыту семинарларын өткізуді жоспарлап отыр. Семинарлар облыстық өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (сондай-ақ Алматы мен Астана палаталары) базасында биылғы жылдың маусым айында өткізіледі.
Семинар форматы байқауға қатысуға тілек білдірген ұйымдар қызметіне өзіне-өзі баға беруді өткізу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуді, оларды өткізу тәртібі мен ережесін түсіндіру, Еуропалық Сапа Менеджменті Қорының (EFQM) үлгісін зерттеп-білуді және басқаларын көздейді.
Оқытуды «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» қатысушыларының материалдарын қарау және бағалауды жүргізу жөніндегі Комиссиядағы жұмыс тәжірибесіне ие менеджмент жүйелерінің үздік аудитор-сарапшылары өткізеді.
Барлық тілек білдіруші шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін семинар жұмысына және Байқауларға қатысуға шақырамыз.
Семинарлардың нақты өту күні туралы ақпаратты www.altynsapa.kz сайтында қадағалап отырыңыздар.
Басқа да мәселелер бойынша өңірлік кәсіпкерлер палаталарына және байқаулар ұйымдастырушысына мына телефон арқылы жүгінуді сұраймыз: 8 (7172) 919 388, e-mail: m.mukatova@palata.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: