«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инвестициялар ауылға

2015 жылғы 05 Маусым
- Жетісу облысы
16364 просмотров

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде АӨК және тамақ өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған жұмыс жиналысы өтті.

«АLMEX-Baiterek Fund» ЖШС Холдингтік тобы Инвестициялық департаментінің директоры Жантас Абдулов тікелей инвестициялар қорының қызметі туралы презентациясын ұсынды.

Қор мөлшері 18,6 млрд. теңгені құрайды. Бірақ ол ұлғайтылуы мүмкін: басқа инвесторларды тарту немесе қорға қатысушылар үлесін пропорционалды түрде ұлғайту есебінен. Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі (кем дегенде 70%), және де Қазақстан Республикасы Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басқа да басымдылықты салалары инвестициялардың басымдылықты бағыты болады. Қор жобаларға қатысады. Бірінші кезекте, ашықтық және еріктілік қағидатында жобалық компаниялар акцияларын немесе қатысу үлесін алу жолымен.

«Атамекен» ҚР ҰКП Тамақ өнеркәсібі комитеті Хатшылығының хатшысы Ербол Есенеев пен «Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитеті Хатшылығының хатшысы Рүстем Құрманов атап өткендей, Алматы облысы және Алматы қаласы аталмыш «пилоттық» жобаны жүзеге асыратын орынға айналады. Неліктен дәл осы облыс? Мұнда тамақ өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға барлық қажет жағымды жағдай бар. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы аталмыш бағыттарда жобалар пулын қалыптастыратын болады.

Жұмыс жиналысының барысында АӨК және тамақ өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобалардың даму келешегі талқыға салынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер