«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Малдың саулығы үшін

2015 жылғы 04 Маусым
- Жетісу облысы
15290 просмотров

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы «ҚазБиоРос» БК» ЖШС жүзеге асыратын ветеринарияға арналған препараттар өндіру жөніндегі биозауыт құрылысы бойынша жобаны сүйемелдейді.

Жоба презентациясы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде өтті. Презентацияға жергілікті билік органдары мен банк әкімшілері қатысты.

«ҚазБиоРос» БК» ЖШС қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорнының директоры Серік Тұрдығұлов жобасын ұсына отырып, оның ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар енгізумен айналысатын мамандандырылған «Биотехнологиялық орталық» құруға бағытталғанын атады.

Қазақстан аумағында мал дәрігерлік нысанадағы пробиотикалық препараттар өндіру жөніндегі биозауыт құрылысы жобаның бір бөлігі болып табылады. Зауыт жобалық қуаттылығына шыққан соң 2016 жылы препараттар сұрыпталымы 60 атаумен ұсынылатын болады. Өндіріске шамамен 50 жұмысшы тартылады.

Пробиотикалық препараттарды қолдану жем-шөптен толыққанды бас тартуды қамтамасыз етуге және терапевтік антибиотиктерді қолдануды төмендетуге, стимуляторлар мен химиялық-терапевтік құралдарды қолданусыз мал шаруашылық өнім алуға мүмкіндік береді.

Мәскеу мемлекеттік мал дәрігерлік медицина және биотехнологиялар академиясы микробиология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор және «ҚазБиоРос» БК» ЖШС құрылтайшысы Татьяна Грязнева пробиотикалық препараттар, соның ішінде, танымал «KazOлин» пребиотигін таныстырды. «KazOлин» препаратын қолдануға деген ұсыныстар, қолдану сызбасы, қолдану тиімділігі мен бірлескен кәсіпорынның емдеу-профилактикалық препараттарының түрлері оның жеке презентациясында ұсынылды.

Мемлекеттік органдар өкілдері оның жобасын мақұлдап, ұсынылған препараттарды шығару бойынша өндірістің көп талап етілетіндігін атап өтті. Банктер жобаны кредиттеу мәселелерін қарауға келісім берді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер