Туристер қолдаусыз қалмайды!
Қазақстанның Туристік агенттіктер қауымдастығы (ҚТАҚ) «Travel System» туристерінің түйткілдерін шешу жөніндегі жедел штаб құрды
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүгін 2015 жылғы 3 маусымнан бастап «Travel System» ірі туристік операторының өз қызметін тоқтата тұратынын хабарлағаны жайлы ақпараттандырады.
Бұл туралы ресми хабарландыру туристік оператор сайтында берілген. Қазақстанның Туристік агенттіктер қауымдастығы берген алдын ала деректер бойынша, жүзден астам туристік агенттік зиян шеккен.
Осыған орай, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанынан өңірлік әкімдіктермен жұмыс, «Travel System» компаниясы арқылы тур сатып алған турагенттер мен туристердің түйткілдерімен байланысты мәселелерді шешу және қоңырауларды қабылдау бойынша жедел штаб құрылды.
Штабтың байланыс телефондары - 87172 754434; 87172 754439.
Туристік сала комитеті Хатшылығының қызметкерлері аталмыш штаб құрамына кіреді.
Сонымен қатар, зиян көрген туристік агенттіктерге көмек көрсетуге арналған жедел штабты Қазақстанның Туристік агенттіктер қауымдастығы құрып отыр. Штабтың байланыс деректері:
ҚР ИДМ Ақпараттық технологиялар департаментінің ақпаратына сүйенсек, барлық өңірлік әкімдіктерде аталмыш мәселе бойынша «жедел желі» ашылады. «Атамекен» ҚР ҰКП Туристік сала комитеті Хатшылығы да «Travel System» компаниясы қызметінен зардап шеккен турагенттер мен туристерге кез келген ақпараттық қолдау көрсетуге дайын.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: