Еуразиялық ортақ нарық – бизнеске ашылған мүмкіндіктер
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аталмыш құжатқа қол қоюды қолдағаны белгілі. Бүгін, осы аралықта ЕАЭО құрылуынан кәсіпкерлердің қандай пайда көргенін, ортақ еуразиялық нарық артықшылығын сезіне алғаны, не сезінбегені жайлы айтуға бола ма?
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым ОШАҚБАЕВТЫҢ осы және басқа да сауалдарға жауап беруін сұраған болатынбыз.
- Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы ортақ нарық аясында интеграцияны көздейді. Қазірде кеңеюді ескере отырсақ, ЕАЭО ортақ нарығы жалпы ішкі өнімі 2,2 трлн АҚШ доллары болатын және сыртқы сауда айналымы 1 трлн АҚШ долларын құрайтын 182,1 млн адамнан тұрады. Аталмыш көрсеткіштер қазақстандық экспорттың дамуы үшін аса зор әлеуетті сипаттайды.
ЕАЭО туралы Шартта өзара сауда мен инвестиция көлемінің өсуі үшін, елдер арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын өте күрделі сыртқы жағдайда бастады. Сондықтан да 2015 жыл нәтижелері алдағы жылдар сияқты көлемді де көрнекі емес.
Егер нақты сандар жайлы айтар болсақ, 2015 жылдың 1 тоқсанында Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдеріне экспорттау көлемі 31,1% төмендеп кеткен.
Алайда бұл сандар Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен тікелей байланысты емес. Ықпалшаралармен байланысты ресейлік экономика дамуының дағдарысты ахуалы да өз әсерін тигізеді. Экономикамыз ресейлік рубль бағамының түсуі нәтижесінде аса үлкен қиыншылыққа тап болды.
- ҰКП сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт жобасын даярлауға белсене атсалысты. Қазақстандық бизнес қоғамдастық келіссөз жүргізу процесіне, жалпы, шарттың түрлі бөлімдері бойынша Қазақстанның ұстанымын дайындауға қатысты. Жүргізілген жұмыс жайлы егжей-тегжейлі айтып бере аласыз ба? Шарт жобасына ҰКП-ның барлық ұсыныстары қабылданып, кіргізілді ме? Қазақстандық кәсіпкерлер үшін қандай салаларда қандай да бір «артықшылықтарға» қол жеткізілді, қандай мәселелер шешілмей қалып отыр?
- Қазақстанның бизнес қоғамдастығы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы ЕАЭО туралы Шарт жобасы бойынша қазақстандық ұстанымның дайындалуына тікелей қатысты. Қазір де ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес құжаттарды дайындауға қатысып жүрміз.
Қазақстан Республикасы Үкіметіне ең жоғарғы деңгейде келіссөз процесіне қатысуға және бизнес мүддесін алға тартуға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыс айтамыз.
Палата ЕАЭО туралы Шарт жобасы бойынша ресми түрде Үкіметке 120-дан астам ескерту мен ұсыныс енгізді. Ақырында шамамен 90%, яғни бизнес ұсыныстарының басым көпшілігі қазақстандық келіссөз тобының ресми ұстанымына айналып, ЕАЭО туралы Шарттың ақтық редакциясына енгізілді.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қолдану мүмкіндіктерін тарылтуға жол бермеуге қол жеткізуімізді басты жетістік деп есептеуге болады.
Еуразиялық экономикалық кеңістік аясында осыған дейін жасалған келісулер қайта қаралды, және де біз Еуразиялық экономикалық комиссиямен алдын-ала келісусіз спецификалық өнеркәсіптік субсидияларды қолдану құқығына қол жеткіздік.
Арнайы субсидиялар бойынша алулар тізбесіне «еркін қойма» әрекеттегі режимі, өнеркәсіптік құрастыру туралы мәселе, сондай-ақ "Бизнестің жол картасы-2020" бойынша субсидиялау кіргізілді.
Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуларда, мемлекеттік сыңайлы сектор, жер қойнауларын пайдаланушылар сатып алуларында отандық жеткізушілерді қолдау саясатын жүзеге асыру мүмкіндігі нығайтылды. Аталмыш алулар Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда ұйымына қосылу шарттарына сәйкес өтпелі кезеңдер аяқталғанға дейін әрекет ететін болады.
Сонымен қатар бұрындары КО заңнамасы аясында Комиссия деңгейінде көзделген ерекше тарифтерді орнату мәселесін ұлттық деңгейге қайтаруға қол жеткіздік. Яғни қазір әрбір ел ерекше тарифтерді өзі орнатады.
Іскерлік белсенділіктің төмендеуі жағдайында қандай да бір телімде тасымалдауға төмендетуші коэффициентті белгілеу мүмкіндігі отандық өндірушілерді қолдаудың біршама тиімді құралдарының бірі болып табылады.
- ЕАЭО туралы Шарт аясында бизнес үшін тағы да қандай мүмкіндіктер бар? Тауарлар, қызметтер, капитал мен еңбектің еркін қозғалу қағидаты іс жүзінде жүзеге асады ма?
- Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт негізінде Кеден одағының және бірыңғай экономикалық одақтың шарттық-құқықтық базасы жатқанын ескеріп өткім келеді.
ЕАЭО негізгі қағидаты тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тауарлар қозғалысы жағынан кәсіпкерлер үшін айтарлықтай өзгерістер болған жоқ, себебі Кеден одағы өз жұмысын жалғастыра берді.
ЕАЭО туралы Шартта басқа мүше мемлекеттер жеткізушілеріне ұлттық режимді ұсыну арқылы мемлекеттік сатып алу нарығының ашылуы қамтамасыз етілетінін атап өту керек.
Экономиканың жекелеген салаларында ортақ нарықтар құру мерзімін белгілегеніміз маңызды. Мәселен, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдердің ортақы нарығы жұмысын бастайды, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап – электр энегетикасының ортақ нарығы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – газ, мұнай және мұнай өнімдері нарығы.
ЕАЭО туралы Шартта қызметтер саудасын реттеу саласында тұжырымдамалық тұрғыдағы жаңа ұстанымдар негізі қаланды. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 43 қызмет секторында Бірыңғай қызмет көрсету нарығы әрекет ете бастады. Бұл қызмет секторларында ЕАЭО мүше мемлекеттер кәсіпкерлеріне қызметтерді жеткізу және алу үшін еркіндіктің барынша жоғары деңгейі ұсынылған. Кәсіпкерлер қызметтерді қосымша заңды тұлға құрусыз көрсете алады, сонымен қатар лицензияларды, рұқсаттарды және біліктіліктерді өзара тану құқығына ие.
ЕАЭО аясында инвестицияларды жүзеге асыру ұлттық режимді, инвесторлар құқығын қорғауды ұсынуды, залалдың орнын толтыру және кепілдікті көздейді. ЕАЭО туралы Шартта инвестициялық дауларды шешу тәртібі тікелей жазылған.
ЕАЭО аясындағы мүмкіндіктер терезесін дәл осы инвестициялық ынтымақтастық дамуынан көріп отырмыз, себебі Қазақстанға біршама тартымды реттеуші орта тән. Бұл, ең алдымен, салық салу деңгейінің төмендігімен, жеңілдетілген әкімшілік ету, бизнесті тіркеу процедурасымен, электронды қызметтер дамуымен байланысты.
Ортақ қаржы қызметтері нарығын құру да маңызды бағыт болып табылады. 2025 жылы Қазақстанда қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлттықтың үстіндегі орган құру жоспарланып отыр. «Астана» қаржы орталығын құру жөніндегі жоспарларды назарға ала отырып, қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлттықтың үстіндегі орган Астана қаласына орналастырылады.
- БЭК экономикалық нәтижелері қандай?
- Жалпы, 2014 жылы ЕАЭО аясындағы өзара тауар саудасының көлемі 57,4 млрд. АҚШ долларын құраған, бұл 2013 жылғы деңгейден 11% төмен.
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасына экспорты 2 есеге дерлік қысқарған, Ресей Федерациясына - 11,9%. Минералдық өнімдер бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясына жасаған экспорт көлемі 1% қысқарған, металдар мен олардан жасалған өнімдер бойынша - 14,3%, химия өнеркәсібі өнімдері - 5,2%, азық-түлік - 42,7%.
Ресей Федерациясынан келетін импорт 23,6% төмендеген. Осылайша, Ресей Федерациясы тарапынан өсіп келе жатқан импортты, рубль бағамының құлдырауына байланысты, ресми статистика растамайды.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасына сыртқы тұрақсыз жағдайлар жағымсыз әсерін тигізуде. Сонымен бірге шикізатқа деген әлемдік бағаның төмендеуі жекелеген тауарлар боынша тауар айналымының ақшалай түрде қысқаруына әкелетінін, алайда физикалық көлемдердің өсуін жалғастыратынын айта кету керек.
Сонымен бірге экспорт құрылымының өңделген тауарлар үлесінің арту жағына өзгерісін атап өтуге болады. Сондай-ақ ЕАЭО елдеріне азық-түлік тауарларының экспорты өсіп келеді: астық, ет, сүт, кондитерлік өнімдер.
Еуразиялық нарыққа шығу шетелдік капиталды тарту жолындағы күресте қосымша бәсекелестік артықшылық болып табылады. 2014 жылы Қазақстанға шетелдік тікелей инвесторлардан 23,9 млрд. АҚШ доллары тартылған. Ресейден Қазақстанға тікелей инвестиция түріндегі 1,5 млрд. АҚШ доллары салынған: салыстырар болсақ, 2010 жылы бұл сома 1,5 есе аз болған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: